Қоғам

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған фестиваль

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мұндай шарапатты шараны өткізу игі дәстүрге айналған. Қамкөңіл балалар ықыласқа бөленіп, оларға қамқорлық көрсетіледі.

Николай Черновол, “Нұр Отан” ХДП қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
-Мүгедек балалар осы жерде өз қатарластарымен тілдесіп, көңіл көтереді. Олар өздерін қоғамның бір бөлігі екендіктерін сезінулері керек. Мұндай акцияны осымен үшінші жыл өткізіп отырмыз. Оның аясында түрлі шаралар жоспарланған.

Балаларға арнайы концерт әзірленіпті. Өнер ұжымдары ән айтып, би билеп, олардың көңілдерін көтеруге тырысты. Сондай-ақ балаларға сыйлықтар мен аттракционға билеттер берілді. Жалпы бүгінгі күні 93 мүгедек бала халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қамқорлығында. Оларға әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Күлбаршын Ахметова, Петропавл қаласының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы:
-Көмек көрсетеміз. Санаторийде ем алады, мүгедектер арбасын береміз. Әр мерекеде құттықтаймыз. Театрға, концертке апарамыз.

Жыл соңына дейін тағы бірнеше шара жоспарланған.

Айымгүл Әбілева