Ауыл шаруашылығы

Элеваторлар жаңа егіннің астығын қабылдауда

 

 

Биыл облыста 53 элеватор астық қабылдайды. Олардың жалпы сыйымдылықтары 3 млн. 430 тоннаға шақталған. «Петропавл-Астық»  астық қабылдау кәсіпорнының қоймасында былтырғы бидай жатыр. Енді бұл элеватор тек 15 мың тонна астық қабылдай аламыз дейді. Олар астықты қабылдамас бұрын тексеріске жібереді. Зертханада бидайдың сапасы, ылғалдылығы, жазықтығы, кілегейлігі, анықталады.  Кәсіпорынның зертханасы жақында ғана күрделі жөндеуден өткен. Бидайды тексеруге қажетті жаңа техника да алыныпты. Мұнда 8 зертханашы жұмыс істеуде.  Астықтың 90 пайызы 3 сұрыптағы бидай екен.

Сергей Посполита, “Петропавл-Астық” ЖШС директоры:
– Өткен аптадан бастап біздің жұмысымыз қызу жүріп жатыр. 2012 жылдың астығын қабылдауға кірістік. Бүгінгі күнге дейін өндіріс ошағына 3 сұрыптағы 4 мың тонна бидай әкелінді. Бұған дейін былтырғы жиналған астықтың 57 мың тоннасы астық қоймасында сақтаулы тұр. Ағымдағы жылы элеватор тексерістен өтті.  

Облыстағы элеваторларда 253 астық тазалайтын, 149 бидай кептіретін машиналар бар екен. Және сапасын анықтайтын 33 экспресс-анализаторлар бар. Бұл жұмысты біршама жеңілдетті дейді мамандар.

Марат Бекназаров, ҚР АШМ СҚО бойынша бидай инспекциясы бөлімінің бастығы:
Элеваторлардың 41-і темір жол бойында орналасқан. Бүгінгі күні кәсіпорындар 33 мың тонна астық қабылдады, оның 30 мың тоннасы үшінші  класты бидай.

“Петропавл-Астық” қабылдау кешенінде 3 кептіру машинасы бар. Біреуі тәулігіне 2 мың тонна өнімді кептіреді. Бұл элеватордың жалпы сыйымдылығы 78 200 тонна. Облысымызда қалған кәсіпорындар да жұмысқа қызу кіріскен.

Гүлбану Ахметова