Білім

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ге биыл 384 грант бөлінді



Аслан Тоғаев – биылғы жылдың түлегі. Есіл ауданының тумасы ҰБТ 85 ұпай жинапты. Күш білімде екенін жақсы түсінетін жігерлі жас мектеп қабырғасында ойына тоқып түйе білгенін ЖОО жетілдірмекші. Талапкердің таңдауы СҚМУ тарих және заң факультетіне түсті.

Аслан Тоғаев, талапкер:
Бүгінгі заманда жоғары білім керек. Сондықтан Тауағаш ауылынан осында келіп отырмын. Тарих мамандығын таңдадым. Қазақ айтады ғой өз тарихыңды білмей ертең жоқ деп. Болашақта алған білімім ел дамуына жұмсалады деп ойлаймын.

75 жылдық тарихы бар СҚМУ бүгінге дейін 40 мыңға тарта жоғары білімді маман даярлапты. Дәріс оқитын 1400 -дей оқытушының 200-нің ғылыми атағы бар. Қазір мұнда Аслан сынды білім қуған абитуриенттер 8 факультетте 43 мамандықтың ішінен өзіне қажеттісін таңдай алады. Биыл университетке мемлекет есебінен оқуға мүмкіндік беретін 384 грант бөлініпті. Дені техникалық және ауылшаруашылық мамандықтардың үлесінде. Десе де былтырғыдан тегін білім алатындардың қатары сәл аздау.

Жангелді Сейтзалин, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ қабылдау комиссиясының төрағасы:
Биыл түлектер саны аз. Екіншіден, ҰБТ 26 пайызы тапсыра алмаады. Ең төменгі 50 ұпай жинай алмағандар көп болды. Колледж студенттерінің біразы кешенді сынақтан сүрініп білімдерін растай алмады.

Жоғары білім аламын деушілер құжаттарын тамыздың 25-н кешіктірмей тапсыруы керек.

Жеңіс Ермұқанов