Спорт

Футбол жарыстары

 

 

“Ақтөбе-жас” футбол командасының қақпасына  бірінші таймда-ақ 2 бірдей голды  Тимур Мөлдінов пен Артем Дели соқты. Екінші таймда жартылай қорғаушы Евгений Кошкин жанкүйерлерді тағы бір голмен қуантты. Есеп 3:0. Бұл ойында “Қызылжар” жеңіске жетті. Жергілікті команданың келесі ойыны 24 тамыз “Қарасай” стадионында өтпек. Онда алаң иелері Шымкенттің “Биік” құрамасымен кездеседі.

Ал Петропавлда жасөспірімдер арасында футболдан Қазақстан біріншілігі өз мәресіне жетті. Тамыздың 10-да басталған байрақты додаға барлығы 16 команда қатысты.

Өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар «Қарасай» мен «Жастар» стадиондарында шеберліктерін көрсетті. Нұрбол Ибраев ақтаулық «Каспий-99» футбол командасының намысын қорғаған. Аяқдоп ойынына осыдан 3,5 жыл бұрын келген. Аталмыш жарыста оның командасы шымкенттік ойыншыларға есесін жіберіп алып, екінші орынды місе тұтты.

 Нұрбол Ибраев, «Каспий-99» командасының жартылай қорғаушысы, Ақтау қаласы:

– Матч қиын болды. Дегенмен ұттық. Өзім екі гол салдым.

Былтыр Қарағандыда өткен жарыста Шымкент қаласының аяқдопшылары жеңімпаз атанған, биыл да олар намысқа тырысып, жеңіс тұғырының алғашқы сатысына тұрақтады. Ал үздік үштікті Алматы қаласының «Қайрат-Академиясы» тұйықтады.

Борис Скатов, бас төреші:

– Сонымен қатар, аяқдоп шеберлері үздік қақпашы, жартылай қорғаушы, шабуылдаушы аталымдары бойынша да марапатталды. Ал үздік үштіктен көріне білген құрамалар медаль мен бағалы сыйлыққа ие болды.

Енді жас футболшылар алдағы сындарға дайындалуда.

Әсел Күшенғалиева