Құрылыс

“Қазақтелекомдағы” мереке



 

Бүгінде «Қазақтелекомның» қызметін пайдаланбайтын адам кемде-кем. Акционерлік қоғамның тек кең ауқымды мүмкіндіктер жүйесіне облыс бойынша 37 мыңнан астам тұрғын қосылса, әлі басқа да қызмет түрін тұтынушылар қаншама. ID орталығы осыдан екі жыл бұрын құрылған. Осыған орай ұйымдастырылған мейрамға балалар мен олардың ата-аналары шақырылды. Елена Сорокина кәсіпорынның интернет қызметін екі жыл пайдаланады әрі осында өтетін мерекелік шараларға жиі қатысып тұрады екен.

Елена Сорокина:

– Мұнда әрқашан мейрам. Ұтыс ойындары, клоундар мен мерекелік дастархан балаларға өте қатты ұнайды.

ID орталығының залында кішкентай қонақтарды клоундар қызықтырды. Олар балаларды күлдіріп, түрлі жарыстар ұйымдастырды. 10 жастағы Камила Мұқанова да осында. Ол өз қатарластарымен бірге сурет салудан жарысты. Соңынан кішкентай қонақтар мерекелік үлкен тортты қуана бөлісті.

Данаш Хамзина