Қоғам

Алименттен қашқан әке-шешелер

 

 

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы сот актілерін орындау департаментінің №3 аумақтық бөлімінде алименттен жалтарып жүргендерге қатысты 3000-ға жуық құжат бар. Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті. Алайда бұл парызын орындамайтын жандар да кездесіп жатады. Сот актілерін орындау департаментінің мамандары алимент төлеуден қашып, өз міндеттерін орындамай жүргендердің назарын аудару үшін аталмыш акцияны ұйымдастырыпты.

Қарлығаш Абаева, СҚО сот актілерін орындау департаментінің бөлім бастығы:
– Солтүстік Қазақстан облысы сот актілерін орындау департаментінде алимент өндіріп алу бойынша 3000-нан астам сот актілері бар. Қаңтар айынан бері алимент төлемейтіндерге қатысты 700 құжат түсті. Бұл акция арқылы борышкерлерді алимент төлеуге шақырғымыз келеді. Өйткені оның кесірінен балалар жапа шегеді.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша шамамен 5000-ға жуық алимент төлемеген адам бар. Олардың 100-ден астамын әйелдер құрайды. «Балаға мүмкіндік беріңіз – алиментті төлеңіз». Осындай бастама көтерген сот актілерін орындау департаментінің акциясын қолдап, осыған байланысты өз ойларын арнайы плакатқа жазушылар да табылды.

Мен бұл акцияның өткізілуін қолдаймын. Әйел адам жалғыз болса, баланы тәрбиелеу қиынға соғады. Алимент отбасыға үлкен көмек. Қанша дегенмен ер адамдар балалары үшін жауап беулері керек.
Бақытыма орай, менің отбасымда бәрі жақсы. Екі ұлым бар. Толыққанды отбасылары жоқ балаларды өте аяймын. Сондықтан да ер адамдар, алимент төлеңіздер!

Акция барысында сот орындаушылары арнайы кітапшалар мен үнпарақтар таратты

Әспет Әбдірешова