Спорт

Евгений және Ирина Эктовтар келесі Олимпиадаға дайындалады

 Ирина мен Евгений Эктовтар  Петропавлға оралды. Олар мұнда біршама демалып, жіберген қателерін талдайды. Ирина бұған дейін Пекин Олимпиадасында да өнер көрсеткен болатын. Лондондағы көрсеткіші 13,39 метр болды,  бұл оның жеке рекордынан  1,59 метр кем. Лондонда Қазақстан командасының жетістіктері көпшілікті таңдандырды. Олимпиадада өнер көрсету – үлкен жауапкершілік, стадионда 80 мың адам әр қадамыңды бақылап отырғанда, оңай болған жоқ дейді Ирина.

 Ирина Эктова,  жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
– Қазақстан тарихында тұңғыш рет  осыншама алтын медаль жеңіп  алынды, медаль алмасақ та команда құрамында өнер көрсеткенімізге қуаныштымыз.    

Ирина үшін бұл екінші Олимпиада болса, Евгений  Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысты. Өкінішке қарай  жақында ол аяғын жарақаттап алған екен, дегенмен ол 19-шы орынға тұрақтап,  алғашқы 20 спортшының қатарына енді. .

Евгений Эктов, жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
– Біз Ирина екеуіміз Олимпиада дегеннің қанда болатынын көріп келдік.  Енді Риоға дайындаламыз, медаль  алу мүмкіндігі бар, тек еңбектену керек, сонда нәтиже де болады.

Қазір Евгений мен Ирина демалуда, қыздары Янамен көбірек бірге болуға тырысуда.  Сосын тағы да тынымсыз жаттығулар, түрлі жарыстар  басталады.