Мәдениет

“Достық” лагерінде «Мағжан оқулары» өтті

Альбина Мұстафина «Мағжан оқуларына» мектепте де қатысып, жүлделі орындарды иеленген екен. Бұл өлеңді 5 сыныпта оқып, бірден жаттап алыпты. Сондықтан таңдауы кездейсоқ емес. Алғашқы болып сахнаға шыққан Альбина бірден көрермен қошеметіне ие болды.

Альбина Мұстафина, Әл-Фараби атындағы мектеп-лицей оқушысы:
– Маған М.Жұмабаевтың «Сырым» атты өлеңі ұнайды. Тілі де жеңіл. Достық туралы айтылған.

Бұл сайыс өзгелерден ерекше. Оған 70-тен астам балғын қатыспақ. Негізгі мақсат – қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту үшін осындай іс-шараларға неғұрлым көп балаларды тарту.

Cайыс барлығы 3 кезеңнен құралмақ: мәнерлеп оқу, сахналық көрініс және ән шырқау. Жарыста 7 жасақтың да мүшелері белсенділік танытты.

Данияр Уәлиев, «Достық» сауықтыру лагерінің бастығы:
Күн сайын түрлі шаралар ұйымдастырылады. Әр маусымда мемлекеттік тіл күні ұйымдастырылады. Сайыс жеңімпаздарына сыйлықтар табысталмақ.

Жазғы сауықтыру лагерінің 5-ші – соңғы маусымына 210 оқушы жиылыпты. Барлығы биыл сауықтыру орнында 1000-нан астам жасөспірім дем алып, өзіне жаңа достар тапқан.

Инеш Шоқақова