Аптадағы маңызды жаңалықтар

Есіл ауданында “Дипломмен – ауылға” бағдарламасы бойынша жас мамандарға жағдай жасалуда



 

 

Айгүл Рақымжанованың “Дипломмен – ауылға” бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатқанына тура 1 жыл болыпты. Есіл ауданының түлегі Астанадағы Медицина академиясын аяқтаған соң, туған жерге оралған. Қазір Заречное дәрігерлік амбулаториясының лаборанты болып еңбектеніп жүр. Заречное дәрігерлік амбулаториясына маңайдағы 7 ауылдан 2 мыңға жуық адам келіп қаралады екен. Мұнда 6 жыл бойы анализдерге сараптама жүргізетін лаборант болмаған. Енді емделушілер жас маман Айгүлдің қызметіне жүгінеді.”Дипломмен – ауылға” мемлекеттік жобасы аясында Заречное селолық округінде өткен жылы мұғалімдікке де екі жас маман орналасыпты. Мұнда  сондай-ақ, екі қолға бір күрек таба алмай жүрген оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға бағытталған “Жастар бағдарламасы” іске асуда.

Көгершін Құсайынова, Есіл ауданы Заречный селолық округі әкімдігінің бас маманы:

– Биыл 5 колледж түлегі “Жастар тәжірибесі” бойынша уақытша жұмысқа орналасты. Олар әкімдікте әлеуметтік қызметкер болып, мәслихатта және жергілікті агроқұрылымда бухгалтер қызметтерін атқаруда.

Енді Заречное селлолық округіне агрономдар, зоотехниктер мен инженерлер қажет. Жалпы соңғы екі жылда “Дипломмен – ауылға” бағдарламасы бойынша Есіл ауданында 106 адам жұмысқа орналасты. Биыл мұнда 30-дан астам жас маман келмекші.

Данаш Хамзина