Қоғам

Базарларда азық-түлік сапасы тексерілуде


 

Бүгінде сауда сөрелерінде түрлі азық-түлік өнімдері толып-ақ жатыр. Таңдау көп. Базар аралағандардың көпшілігі тауардың сапа құжатын сұрамайды да. Сөздің шыны керек, алғаны сырт көзге жақсы көрінгенімен, асқа жарамдылығын тексерудің мүмкіндігі жоқ. Осыны ескерген санитар мамандар игі акцияны бастап кетті.

Гүлшарат Қожатова, СҚО МСЭҚД бас маманы:
Санитар мамандармен акция барысында халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Сараптама орталығының қызметкерлері тағам өнімдеріне жедел тәсілмен сараптама жүргізіп, қорытындыны қолдарына береді.  

Бұндай қызметке сауда орындарының кез-келген тұтынушысы жүгіне алады. Негізінен халық көптеп тұтынатын тез бүлінгіш сүт өнімдері мен бақша дақылдары жеміс-жидек, көкөністер сараптамадан өтуде. Біз де бұл мүмкіндікті қалт жібермей, алған жемісіміздің сапасын тексеріп көруге бел будық. “Денсаулық – зор байлық” дейді халық даналығы. Өзінің денсаулығына немқұрайдылық танытпайтын жан бұл аса пайдалы үрдіске бар болғаны 5-ақ минутын жұмсайды. Акцияның жарты күнінде ғана “Тайга” базарында 150-ге жуық сараптама жасалды. Жалпы игі шара өңіріміздің барлық ірі базарлары мен сауда орындарында өткізіліп жатыр.

Жеңіс Ермұқанов