Білім

Өңір ұстаздарының тамыз мәслихаты

Биыл облыстың білім беру саласын дамытуға 36 млрд теңге бөлінген. Мемлекет қаржысына бірқатар білім ошақтарында жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жаңа мектептер салу көзделген. Сондай-ақ бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту да басты назарда. Жиында өз ісін жетік меңгерген мамандарды даярлау мәселесі де талқыланды. Өйткені білікті ұстаздан тәлім алған шәкірттің білім деңгейі жоғары болмақ. Ал бұл көрсеткіш біздің өңірімізде жаман емес.

Орал Қаппасов, СҚО білім басқармасының бастығы:
– Елбасы қай жолдауында болмасын білім беру саласын назардан тыс қалдырмайды. Осы орайда 2011-2020 жылдарға арналған білім беру саласын дамыту бағдарламасы іске асырылуда.   Бұл жұмыстарға тамыз конференциясы жаңа серпін береді деген ойдамын.  

ҰБТ нәтижесі бойынша СҚО республикада  – 4-ші орынға тұрақтады. Өңір түлектері арасынан 36 – «Алтын белгі», 33 – ерекше үлгідегі аттестат иегері шықты. Республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары атанғандар да аз емес. Бір сөзбен, өткен оқу жылында солтүстікқазақстандық оқушылардың жеткен жетістіктері молынан. Бұл ұстаздардың еңбегі мен білім беру саласына көрсетілетін қолдаудың жемісі. Дегенмен бірқатар мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажет деді өңір жетекшісі. Еліміздегі шағын комплектілі мектептердің үлесі 57 пайыз болса, біздің өңірде бұл көрсеткіш 88 процентті құрайды. Мектеп саны бойынша 5-ші орында болғанымен, облыстағы оқушылар саны бойынша тізім соңында келеміз.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Елбасы өзінің «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында білім беру саласын дамытуға ерекше көңіл бөлді. Ұстаздар қауымына бірқатар міндеттер жүктеді. Елбасы 2020 жылға дейін мектеп түлектері мемлекеттік тілді еркін меңгеруі тиіс деді.
Бұл міндетті орындауда облысымызда бірқатар шаралар қолға алынды.

Облыстағы қазақ тілді мектептердің саны 20 пайыз ғана. Сондықтан конференция барысында орыс мектептерінің жанынан қазақша сыныптар ашу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ оқуда үздік нәтижелерге қол жеткізген оқушыларға сөз берілді. Диана Асхатова Канада университеті инженерлік факультетінің арнайы гранты мен Президент стипендиясын иеленген.

 Диана Асхатова:
– Біздің өңірімізде жалпы білім беру саласын дамытумен қатар жеке тұлғаны қалыптастыруға да ерекше көңіл бөлінеді. Жастарға барынша қолдау көрсетіледі. Оқушылардың білім алып, дамуына барлық жағдай жасалған. Сол үшін 2012 жылғы түлектер атынан өз алғысымды білдіргім келеді.  

Білім беру саласындағы жетістіктер мен орын алған олқылықтар жайындағы есептерден соң  кезек салтанатты рәсімге де жетті. Бірқатар ұстаз ұзақ жылғы адал еңбегі, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.  Жиында білім беру саласының ардагерлеріне көрсетілген құрмет ерекше. Оларға облыс әкімінің атынан арнайы сыйлықтар табысталды. Жылдар бойы өз білгендерін шәкірттеріне үйретуден жалықпаған ардагер ұстаздардың жолын енді жас мамандар жалғастырмақ. Бірқатар ЖОО-ның түлектеріне облыс әкімі көтермеақы табыс етті.

  Нұрхат Серікбаев,  № 2 Благовещенка орта мектебінің тарих пәні мұғалімі:
– «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы жас мамандар үшін зор мүмкіндік. Мен өзім оқыған мектепке мұғалім болып бармақпын. Бұл өте толғанысты сәт.  

Сондай-ақ орта білім беру саласында үздік ұйымдастырушылық танытқан Ә.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-гимназиясына 13 млн 900 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. «Үздік меценат», «Үздік мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мекемесі», «Интернаттық мекеменің ең үздік тәрбиешісі» аталымында да жеңімпаздар анықталды. Ал облыстағы «2012 жылғы ең үздік педагог» атағына Тайынша ауданындағы Зеленогай орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Виталий Червинский ие болды.

Виталий Червинский,  2012 жылдың үздік педагогы:
Қазірігі таңда ауылдағы мектептер де заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған. Бұл оқу үрдісінде тың тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді. Бірақ мұғалім тек матриалдармен ғана емес, тікелей әр оқушымен жұмыс істеуі тиіс. Ұстаз біліктілігінің көрсеткіші осы.  

Сонымен қатар, 7 білім беру мекемесіне автокөлік кілттері тарту етілді. «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгілері де өз иелерін тапты.

Инеш Шоқақова