Құқық қорғау органдары

Мотокөліктердің қатысуымен жол-көлік апаттары көбейді

 

 

Жамбыл ауданы арқылы өтетін “Мамлютка-Қостанай” тас жолының бойында “Орал” мотоциклының жүргізушісі рөлге ие бола алмай  қарсы бағытта келе жатқан “К-701” тракторымен соқтығысып қалыпты. Осының салдарынан үш доңғалақты көлік нысанының иесі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Қалған екі жолаушы түрлі дене жарақатарын алан. Ал облыс орталығында қос доңғалақты скутер жүргізушісі  «Toyоta Mark II» көлігімен сүзісіп қалды.

  «Toyоta Mark II» көлігінің жүргізушісі:
– Мир көшесінен солға бұрылар сәтте скутер мені басып озбақ болып, бүйірден келіп соғылды. Кейін анықталғандай оның жүргізушісі мен жолаушысы удай мас болған.

Араққа тойып алған екі бозбала өздерінің немқұрайлы әрекеттерінің салдарынан ауыр жарақаттанған. Жалпы жыл басынан мотоциклдардың қатысуымен 7 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жапа шеккен 12 адамның 4-уі қаза тапқан.

 Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД ЖПБ аға инспекторы:
– Әсіресе орақ науқаны қыза түскен шақта агроқұрылым жетекшілері қарамағындағы көліктердің техникалық жағдайына көбірек көңіл аударса дейміз. Астықты тез жинап, тасымалдаймыз деп тәулік бойы ағып жүреді. Түнгі уақыттағы қатынауларын шектесе жақсы болар еді. Өйткені жыл басынан ауылдық жерлерде жол-көлік оқиғаларынан 31 адам қаза тапқан.  

Жалпы биыл 223 жол апатында 34 адам қаза тапты. 226 адам түрлі дене жарақаттарын алды.

Жеңіс Ермұқанов