Білім

Петропавлдық ұстаздардың тамыз мәслихаты

 

 

Өткен оқу жылында “Балапан”, “2011 -2020 жылдарға арналған білім саласын дамыту” бағдарламаларын жүзеге асыру жалғастырылды. Сондай-ақ, қалалық білім мекемелерінің ұстаздары республикалық семинарларда қамқоршылар кеңесінің қызметі жайлы өз тәжірибелерімен бөліскен. Жаңашыл көзқарас, инновациялық технологиялар және сапалы білім беруге баса назар аударылды. Әсіресе, бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерімен қамтуға зор көңіл бөлінді.

Ақжүніс Мұсырман, Петропавл қалалық білім бөлімінің бастығы:
Петропавлдағы 12 мектептегі шағын орталықтар кеңейтіліп, жаңадан ашылды. Басшылық тарапынан мектепке дейінгі білім беру секторында өз бизнесін ашқан жеке кәсіпкерлердің мәселелеріне көңіл бөлінеді. Олардың 9-ымен өзара серіктестік жайлы меморандумға қол қойылды.

Алайда бұған қарамастан бүлдіршіндердің мектепке дейінгі біліммен қамтылуы әлі де бәсең жүргізілуде. Сондай-ақ конференция барысында ұстаздардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесі де талқыланды. Жылдан-жылға жас мамандардың қатары қалыңдап келеді дейді ұйымдастырушылар. Тәжірибелі мұғалімдер олармен өз білгендерімен бөлісуге әзір.

Шекер Жақаева,  № 12 орта мектеп мұғалімі:
Білім беруде тың тәсілдер қолдану мәселесі де сөз болды. Білікті педагог кадрлар білім сапасының кепілі.

Қазіргі таңда облыс орталығындағы білім ошақтарында 15 инновациялық және эксперименттік алаңдар жұмыс істейді. Сондай-ақ қалалық мектептердің 20 ұстазы 7 деңгейлі жүйе бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Оның нәтижесінде жалақыларының мөлшері ұлғаймақ.

Күлзағира Нұртаева, қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі:
Бұл конференция барысында Елбасының жаңа мақаласы талқыланады. Ол бағдарламада білім беру саласы да кеңінен қамтылған.

Қала мұғалімдері білім беруді қолжетімді ету, ата -аналармен тығыз қарым-қатынас орнату және балалардың бос уақытын тиімді өткізуі бағытындағы жұмыстарды жалғастырмақ.

Инеш Шоқақова