Қоғам

Ардагер Василий Перистыхтың мерейтойы

Қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері мен облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық инспекциясының қызметкерлері Василий ақсақалға гүл шоқтары мен плазмалық теледидар тарту етті.

 

Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Перистых бүгінде 90 жасқа толып отыр. Бір ғасырға жуық ғұмыр кешсе де ақсақалдың ойы дұрыс, сөзі түзу, тек денсаулығы ғана сыр берген. Ардагер ұзақ өмір жолының ешбір сәтін ұмытпаған, бәрі есінде.

Василий Перистых, Ұлы Отан соғысының ардагері:

-Әскерде жөндеуші болдым, бригадир қызметін атқардым, танкіге қарсы барлауға қатыстым. Бейбіт күндері тың игеруге атсалыстым.

Василий Перистых 1942-46 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Одан кейін 52 жыл бойы Явленка ауылында тракторист болып жұмыс істеді. 4 бала тәрбиелеп өсірді. Бүгінде 90 жасаған қария 6 немере мен 2 шөбересінің қызығын көріп жүр.

Данаш Хамзина