Бизнес және экономика

200 және 500 теңгелік ескі банкноталар айналымнан шығады

 

 Ұлттық банкке жаңа монета келіп түссе, нумизматтар үшін бұл аса үлкен қуаныш. Себебі тиындар жоғары сафты металдан құйылған, халықаралық стандарттарға толық жауап береді. Экономикалық құндылығына қоса, әрбірі ел тарихындағы алтын әріптермен жазылған аса маңызды оқиғалар жайында сыр шертеді.

 Ескендір Сүлейменов, “ҚР Ұлттық банк” ММ СҚФ маманы:
– “Банкноттағы портреттер” сериясынан номиналдық құны 500 теңгелік “Сүйінбай” ескерткіш монетасы алтыннан жасалған. Салмағы 7,78 грамм бағасы 67 мың 700 теңге.  

500 теңгелік енді бір ерекше монетаның сақинасы күмістен, дискісі жиі кезіге бермейтін бағалы  тантал металынан құйылған. Бұл тиын “Республика игілігі” сериясымен шыққан. Ерекше өнер туындысын иеленемін деген жандарға оны 9 мың 300 теңгеге сатып алуға болады. Таралымы шектеулі 5 мың данамен соғылған тағы бір монета  қазақ елінің жануарларға толы әсем табиғатына арналыпты.

 Ескендір Сүлейменов, “ҚР Ұлттық банк” ММ СҚФ маманы:
– «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» сериясынан “Қосаяқ” монетасы. Массасы 24 грамм. Номиналдық құны 500 теңге. “Пруф” сапасымен күмістен жасалған, бағасы 8 мың 400 теңге.  

Сондай-ақ қаржыгерлер 1993- 94 жылдардағы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноталардың қолданыс мерзімі тамыздың 31-і аяқталатынын ескертеді. Сондықтан құны жойылатын ақшаны Ұлттық банктің кассаларында жаңасына ауыстырып үлгеру керек.

Жеңіс Ермұқанов