Қоғам

Радиотелеграфшылар сайысы


 

Жылдам телеграфия бойынша жарыс соңғы рет 1991 жылы ұйымдастырылған екен. Сол кездегі ел чемпионы тараздық Мария Соснина осы жолы да өз бағын сынамақшы. Сайыста радиоәуесқойлар Морзе әліппесі бойынша ақпарат алмасады.

Мария Соснина, Жамбыл облысының өкілі:
Жарыстың басты талабы – радиохабарды жылдам жеткізіп, қабылдау. Қазір техника әлдеқайда дамыған, сондықтан жарыстың өткізілу деңгейі де жоғары. Мұндай сайыстардың қайта жандандырылуы қуантады.

Ал Наиль Юничев үшін бұл – жоғары дәрежедегі алғашқы жарыс. Оның аталған спорт түріне ден қойғанына 2 жыл болыпты. Ең жоғарғы марапаттары әлі облыстық деңгейде.

  Наиль Юничев, СҚО өкілі:
Бұл спорт мен үшін өте қызықты. Жарыстарға көптеген ардагер спортшылар да қатысуда. Яғни зор тәжірибе жинау мүмкіндігі жасалған.

Телеграфтың шартты белгілерін меңгеру қиын іс емес дейді Наиль. Ол бұл үшін бар болғаны 2 ай жұмсапты. Аталмыш әліппені америкалық кескіндемеші Самуэль Морзе 1838 жылы ойлап тапқан деп саналады. Морзе әліппесін кімнің жетік меңгергенін байқап көру үшін Жамбыл облысының 7 және СҚО 14 спортшысы жиылды.

Асаубай Сейітқұл, ҚР Радиоспорт федерациясының президенті:
Қазақстандағы радиоспорт федерациясы 2007 жылы құрылды. Солтүстік өңірде бұл спорт түрі өзгелермен салыстарғанда едәуір дамыған.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік спортшылар іріктелетін болады. Олар Швейцарияда өтетін әлем чемпионатына қатыспақ.

Инеш Шоқақова