Kurultai banner mobile

Спорт

Петропавлда жасөспірімдер арасында футболдан ел біріншілігі басталды


 

Футболдан ел чемпионатында 16 команда екі топқа бөлініп, «Қарасай» мен «Жастар» стадионадарында өзара мықтыны анықтасты. Алаңға бірінші болып, Алматы қаласының “Қайрат-Академия” командасы мен Алматы облысының “Ақбұлақ” құрамасы шықты. Ойын бірден тартысты басталды. Екі команда да осал емес. Сондықтан болар 1 таймда екі команда да алма-кезек шабуылдаумен болды. Қарсыластардың қақпаға бағытталған доптары дарымай қойды. Сөйтіп, бірінші тайм 0:0мен аяқталды. 10 минуттық үзілістен кейін командалар қайта ойын алаңына шықты. Екінші таймда біріншіге қарағанда кездесуге жан біте түсті. “Қайрат-Академия” командасы қарсыластарына мықты екенін көрсете білді. Екінші таймның жартысында “Ақбұлақ” құрамасының қақпасына гол соқты. Сөйтіп, “Қайрат-Академия” бірінші болып есеп ашты. Көпке ұхамай  екінші гол да “Ақбұлақ” командасының қақпасына соғылды. Ойын 2-0 есебімен, «Қайрат-Академияның»  пайдасына шешілді. Екінші голды қарсыластарының қақпасына дарытқан Дарын Сүйіновтың футболмен айналысып жүргеніне 2 жылдың жүзі болыпты. Дарынның Петропавлға келіп, өнер көрсетуі алғаш рет.

Дарын Сүйінов, “Қайрат-Академия” командасының шабуылшысы:

-Біз бірінші таймда ұйқымыздан ояна алмай, екінші таймда жаттықтырушымыздың айтқан сөздерінен кейін жақсы ойнай бастадық.

Тартысты доданың жеңімпаздары 21 тамыз белгілі болмақ.

Гүлбану Ахметова