Бизнес және экономика

Өндіріс көлемі өсуде, алайда тапсырыс аз

 

 

«Тез құрастырылатын ғимараттар зауыты» 2009 жылы ашылған болатын. Бұл өндірістік деңгейде болат конструкцияларын шығаратын өңірдегі алғашқы және бірегей кәсіпорын. Зауыт балқытып біріктірілген металдарды жасауға арналған заманауи автоматтандырылған желімен жабдықталыпты. Ол ұзындығы 24 және биіктігі 1,8 метр темір бұйымдарды жасауға қауқарлы. Қазіргі таңда зауыттағылар Астана қаласының классикалық опера және балет театрынан түскен тапсырысты орындауда.

Азамат Бекқожинов, «Тез құрастырылатын ғимараттар зауыты» ЖШС директорының орынбасары:
– Бұл нысанға 1400 тонна металл конструкцияларын әзірлеудеміз. Негізінен бізге тапсырыстар көршілес Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарынан келіп түседі. Өкінішке қарай, біздің өңірден ірі көлемдегі тапсырыстар әлі де жоқ.

Қажыбай Мемешовтың кәсіпорында жұмыс істей бастағанына 3 жылдан асыпты. Шебер зауыттағы құрылғылардың жай-күйін тексеріп, жұмысқа жарамды болуын үнемі қадағалайды.

Қажыбай Мемешов, «Тез құрастырылатын ғимараттар зауыты» ЖШС аға шебері:
– Шетелдік құрылғылардың жұмыс істеуі өте жақсы. Тура шауып, тура кесуге арналған.

Жылдан-жылға тапсырыс көлемі ұлғаюда. Яғни жаңа жұмыс күшіне қажеттілік туып отыр. Бүгінде кәсіпорында дәнекерлеуші мамандар зор сұранысқа ие.

Азамат Бекқожинов, «Тез құрастырылатын ғимараттар зауыты» ЖШС директорының орынбасары:
-Қазіргі таңда зауытта 100-ден астам жұмысшымыз бар. Олардың орташа жалақысы 80 мың шамасында.

Зауыт айына 300 тоннадай өнім шығарады. Болашақта жаңа станоктар алып, өндіріс көлемін арттыру жоспарланып отыр.

Инеш Шоқақова