Спорт

Тайбокстан шеберлік сыныбы

 

 

Жаттығу алаңына келген спортқа әуес жандар алдымен жүгіріп денелерін шынықтыруда. Шығыс жекпе-жегінің бірі саналатын – тайбокстан осымен екінші рет ашық аспан астында шеберлік сыныбы өткізілді. Оған осы спорттың қыр-сырын меңгергісі келген 20-ға жуық адам қатысты.

Иван Вон-Хон-Тун, СҚО бойынша тайбокстан аға жаттықтырушы:
-Бұл жаттығулар қарапайым халықты, басым көпшілікті спортқа тартуға бағытталған. Тайбокс спорттың жақсы бір түрі. Бокстан ерекшелігі, мұнда аяқпен, шынтақпен, тіземен соққы жасауға рұқсат берілген.

Давыд Пфлюк 7 жылдан бері муай-тай боксымен әуестеніп жүр. Көпжылдық жаттығулар нәтижесіз болмаған. Осыдан үш жыл бұрын өткен Қазақстан чемпионатында ол екінші орынға ие болыпты. Салауатты өмір салтын сақтап, денсаулықты нығайтуда мұндай шаралардың берері мол дейді.

 Давыд Пфлюк, шеберлік сыныбына қатысушы:

– Мені тайбокс жаттығуларына алғаш рет ата-анам әкелді. Алғашқы жылдары өте қиын болды. Дегенмен жаттықтырушымның арқасында жеткен жетістіктерім де жоқ емес. Бұрын тайбокс аса танымал болмаса, бүгінде осындай шеберлік сыныптарының көбірек өткізілуімен дамып келеді.

«Basis» үкіметтік емес ұйымының «Ресурстық орталық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шеберлік сыныбы тамыздың 15-і күні де жалғасын таппақ.

Әспет Әбдірешова