Құқық қорғау органдары

“Ауыл жолы” акциясы аясындағы кездесу

 

 

 

Жыл басынан бері облыста 209 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда, 58-ге өскен. 251 адам зардап шегіп, 32 солтүстікқазақстандық қайтыс болды. Әсіресе Мағжан Жұмабаев ауданындағы жолдарда қайғылы оқиғалар көбейе түскен. Өткен жылы жеті ай ішінде 1 жол апаты орын алса, биыл бұл көрсеткіш 6-ға артып отыр.

Марат Тайменов, М.Жұмабаев ауданының жол полициясының бөлім бастығы:
-Юбилейная көшесімен Булаевқа жолға шыққан «Тайота Камри»
автокөлігінің жүргізушісі машинаны басқара алмай, су мұнарасына соғылған. Соның салдарынан жолаушы аудандық орталық ауруханаға жеткізілген, ал жүргізуші оқиға орнында көз жұмған.

Жол бойындағы жағдайды қадағалап, оны тұрақты ұстауды тек полицейлердің көмегімен жүзеге асыру мүмкін емес дейді кездесуге қатысушылар.

Алтынбек Тиштыбаев, СҚО ІІД ЖПБ бас маманы:
Жағдай мәз емес. Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.

Кездесу барысында жол полицейлері «Ауыл жолы» деген атаумен  өткен акцияны қорытындылады. Жол ережесін бұзғаны үшін 1256 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың 87-сі көлікті мас күйінде жүргізсе, 186 адам тиісті жылдамдықты сақтамаған.

Әспет Әбдірешова