Өрт сөндірушілер келгенде от көрші балкон мен іргедегі 4 пәтерге көшіп үлгеріпті. Осы сәтте қауіпті ауданда болған үйдің 70 тұрғыны сыртқа шығарылды. Абырой болғанда, жапа шекендер жоқ. От толығымен сөндірілді. Қазір мамандар оның залалы мен шығу себептерін анықтап жатыр. Жалпы жыл басынан облыс орталығында тіркелген 165 өрт оқиғасының салдарынан 5 адам қаза тапты. Шығын 70 млн теңгеге бағаланып отыр.