Білім

Ұстаздардың дәстүрлі тамыз мәслихаты

 

Өңірлік секциялық тамыз жиынында мектеп директорылары, мұғалімдер, қосымша білім беретін педагогтар, мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері, кадрлық қызметкерлер 19 секцияға бөлініп,”Білім жүйесін жетілдіру – адам капиталын өсірудің басты кепілі” атты тақырыптарда ой бөлісіп жетістіктерін сөз етті. Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының директоры Күлжан Төкенова оқушыларның шетелдерде білім алып жүргенін айтты. Негізі бұл мектеп екі бағытта оқытады. Гуманитарлық және физикалық. Бүгінгі күні бұл оқу ордасында 400-ден астам оқушы білім нәрімен сусындауда. Мектепте қазақ, орыс тілдерімен бірге бірнеше пән ағылшын тілінде де өтеді екен. Болашақ бағдарламасы бойынша 11 оқушы білім алуда.

 Күлжан Төкенова, Ә.Досмұхамбетова атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернат директоры:
– Жаңа біраз мәселелерді көтердік. Елбасының мақсаты жанжақты, білімді ұрпақ тәрбиелеу. Мәселен,  АҚШ-қа 11 сынып оқушымыз 1 жылға оқуға жолдама алды, олимпиадада жеңіске жеткен.

Биылғы жаңа оқу жылына мектептер сақадай-сай дейді басшылары. Оқушылар қыркүйек айында мектеп табылдырығын аттамас бұрін қысқаша тест сұрақтарынан өтеді екен. Бұл балалардың дарындылығын тексеру үшін қажет. Сондай-ақ жиында төтенше жағдайлар депатаментінің мамандары білім нысандарының қауіпсіздігі жайлы да ақпаратпен бөлісті.
Мұғалімдер 1 сыныптан бастап ағылшын тілін оқыту  беру мәселелерін де көтерді. Мемлекеттік тілмен қатар орыс, ағылшын тілдері қатар жүргізілуі қажет дейді ұйымдастырушылар.

 Гүлнар Арықпаева, «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директоры:
– Бүгінгі күні балалар бастауыш сыныптан бастап, шет тілін оқиды. Бұл еліміздің болашағы үшін қажет деп ойлаймын. Бүгінгі жиында бас қосқандар Елбасының биылғы Қазақстан халқына жолдауын да қызу талқылап жатыр. Өйткені халыққа тапсырылған істі атқару міндетіміз.

Осы айдың 16-сы республикалық тамыз конференциясы өтпек. Үлкен жиында мұғалімдер тағы да бас қосып, қордаланып қалған мәселелерді ортаға салмақ.

 Гүлбану Ахметова