Қоғам

Тамыздың 12-сі – Құрылысшылар күні



 

Құрылысшы кәсібі – қазір аса үлкен сұраныстағы мамандық. Бүгінде өңірде ауыз су және инфрақұрылым, білім мен денсаулық сақтау мәселелерін шешуге бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Баспаналар салынуда. Нысандардың барлығы құрылысшылардың қолымен көтеріледі. Облыс әкімінің орынбасары Александр Чжен бұл мамандыққа үкімет тарапынан үлкен мән беріліп, зор қолдау көрсетілетінін жеткізді. Құрылысшылардың техникасы бұрынғыдай емес, қазір қуатты. Зәулім ғимараттарды санаулы мерзімде салуға мүмкіндіктері бар.

Александр Чжен ,облыс әкімінің орынбасары:

-Қазір бізде білім саласында құрылыстар жүріп жатыр. Келесі жылы Мамлют қаласы мен Новоишимка селосында, Бәйтерек ауылы мен Тайыншада мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Сосын кәсіптік- техникалық лицейлер салуымыз мүмкін. Денсаулық сақтау саласында да құрылыс жүргізіледі. Тағы да баспаналар тұрғызамыз.

Салтанатты жиын барысында өңір басшысының орынбасары Александр Чжен аймақ құрылысшыларын кәсіби мерекемен құттықтап, облыс әкімінің Құрмет грамотасы және алғыс хатын табыс етті.
Василий Романихин 30 жылын құрылысқа арнаған. Бүгін еңбегі еленіп, облыс әкімінің алғыс хатын алды.

Василий Романихин,  “Петрострой-Люкс” ЖШС кран жүргізушісі:

– Облыстың түкпір-түкпірінде емхана, мектеп салуға қатыстым. Енді  қалада балабақша мен 5 қабатты үй тұрғызып жатырмыз. Менің жұмысым жоғары бағаланғанына қуаныштымын. Ұрпақ игілігіне еңбек етуге әрқашан әзірміз.

Құрылысшылардың бірқатары сондай-ақ, ҚР  тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы агенттігі мен облыстық құрылыс басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.

Данаш Хамзина