Спорт

Петропавлда грек-рим күресінен республикалық турнир басталды

 

 

 

Қазақстанның құрметті қайраткері, Кеңес Одағының спорт шебері Жамбыл Тасеменов бүгін 67 жасқа толды. Грек-рим күресінен жарыс спорт ардагерінің құрметіне осымен 8 жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Жарыста Республиканың спортшыларымен қатар Ресей палуандары өзара күш сынасады. Боз кілемде 120 палуан белдеседі. Мерейтой иесін құттықтауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен еліміздің құрметті азаматтары келді. Қазақстанға еңбегі сінген жаттықтырушы Қуандық Бәкенов Жамбыл Тасеменовпен 40 жылдан бері таныс. Бірге жарыстарға қатысқанбыз дейді. Жамбыл аға кезінде шет елдерде Қазақстанның намысын қорғап, ел жалауын көкке көтерген спортшы. Қайтпас қайсарлығын бүгінгі күні өз шәкірттеріне де үйретіп келеді. Өңірімізде грек-рим күресімен жаттығып жүрген спортшылардың қатары артып отыр дейді жарыстың бас төрешісі Мейрам Хамзин. Алғашқылардың қатарында боз кілемде белдесуге Ресейлік Евгений Кобелин мен жерлесіміз Бауыржан Мусин шықты. Өкінішке қарай біздің палуан қарсыласын жеңе алмады. Сургуттан келген Евгений әзірге мықты спортшылардың қатарында тұр.

Евгений Кобелин, жарысқа қатысушы, Сургут қаласы:
Мен спорттың бұл түрімен 10 жылдан бері айналысып келемін. Бүгінгі жарыста қарсыласымды жеңу қиын болмады. Бастысы оның осал тұстарын танып білу. Мен бүгінгі күні бапкерлікке дайындалып жүрмін. Кейін өз шәкірттерімді тәрбиелеп, олимпиада ойындарының жүлдегері болса деймін. Ал, осы тартысты додада жеңіске жететініме сенімдімін.

Жарыс екі күнге жалғаспақ. Жеңімпаздардың есімі сенбі күні мәлім болады.

Гүлбану Ахметова