Бизнес және экономика

«Даму» қоры кәсіпкерлер үшін кепілдік те бере алады

Владимир Козел 10 жылдан бері жолаушылар тасымалдау қызметімен айналысып келеді. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кепіл болуымен жеке кәсібін ашқан ол бүгінде Петропавл мен Булаев арасына қатынайтын қосымша автобус бағытын ашқан.

 Владимир Козел, жеке кәсіпкер:
– Несиені «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша алдым. Оның 50 пайызын «Даму» қоры төлейді. Кепілге қоятын мүлік болмағаннан кейін «Даму» қоры кепілдік жасап отыр. Құжаттардың барлығы 20 күннің ішінде дайын болды.Мемлекетке осындай бағдарламаны енгізгені үшін рахмет. Бұл – шынымен де жеке кәсіпкерге үлкен қолдау. Әрі пайыздық мөлшері төмен.

Күн сайын автобус екі рет қалаға қатынайды. «Козел» жеке кәсіпкерлігінде бір жарым жылдан бері көлік жүргізумен айналысып жүрген Виктор Завольский жұмысының өзіне ұнайтындығын айтады.

Виктор Завольский, жүргізуші:
– Бір айдан бері біз жаңа автобуспен жүрміз. Техниканың жаңарғаны жолаушыларға да қолайлы. Мұндай су жаңа көлікті жүргізген мен үшін қуаныш. Өйткені бұзыла бермейді.

Бүгінде жеке кәсібін ашамын деушілер үшін мемлекет тарапынан үш бағытта қолдау көрсетіледі. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша екінші деңгейдегі банктерге бағдарламаға қатысуға ниет білдірген жеке кәсіпкерлік субъектілерінен 89 өтініш келіп түскен. «Козел» жеке кәсіпкерлігіне берілген несие көлемі 7 миллион 10 мың теңгені құраған.

 Әлия Айтұғұлова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ  менеджері:
– Ең алдымен, жеке кәсіпкер «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша несие алған болатын. Кейіннен «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы арқасында алған несиесін 7 пайызға төмендетті. Яғни, 14 пайыздың 7 пайызын ғана өтейтін болады. Кепілдігі қамтамасыз етілмегеннен кейін, «Даму» қоры «Дельта банктің» алдында берілген соманың 50 пайызына өзі кепілдік жасады.

Жаңа автобустың іске қосылғанына жолаушылар да қуанышты.

– Мен осы автобуспен екінші рет бара жатырмын. Өте ыңғайлы әрі жайлы.
– Автобус жақсы. Көңілімізге қонымды.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша осы кезге дейін облыста 75 субсидиялау келісімшартына қол қойылған.

Әспет Әбдірешова