Жас туристер слеті

Балалар

14:45 8 Тамыз 2012

Бұл жолы балғындардың туристік слеті «Достық» балалар сауықтыру лагерінде өтті. Жасөспірімдер мұнда сейсенбі күні келген. Демалушылардың арасында қалалық жарыстардың жеңімпаздары да бар. Оларға мұнда уақыттарын қызықты әрі тиімді өткізу үшін үш күндік бағдарлама   әзірленген. Кеше балалар арқаннан жүріп өту, шағын футбол, волейболдан жарысыпты. Бүгінгі жоспар бойынша жасөсіпірімдер берілген уақытқа палатка құрудан бастады. Арқанның бойымен өрмелеу, саз балшықтан секіру сияқты кедергілерді бағындырып, алғашқы медициналық көмек көрсету, от жағу сындарынан өтті. Әзірге көш басында «Арман» балалар мен жасөспірімдер клубы, екінші «Юность», ал, үздік үштікке «Көктем» клубы тұрақтап тұр. Бұл қиындықтарды бағындырған соң, балалар мен жасөсіпірімдер клубтарының капитандары сайысқа түседі. Кейін, қабырға газетін шығарады.  Ғабит Ғафуров мұндай туристік слетқа бірінші рет қатысып отыр. Келесі жылы да осында келемін дейді жасөспірім.

 Ғабит Ғафуров,”Жеңіс” балалар мен жасөспірімдер клубының мүшесі:
– Бірінші біз қайың бұтақтарынан өттік. Одан кейін қасқырлардан қашқандай болдық. Үлкен шұңқырдан өттік.

Биыл 8-ші рет өтіп жатқан туристік слетке 10 – 16 жас аралығындағы 60 жуық жасөспірім қатысты.

 Ольга Сокол, қалалық әкімдік жанындағы мектептен тыс жұмыстар жөніндегі балалар мен жасөсіпірімдер орталығының әдіскері:
– Біз “Планета” туристік орталығымен бірге осындай шараларды ұйымдастырып келеміз. Үш күнге жалғасқан туристік слетқа 7 клуб қатысып отыр. Биылғы шара Лондонда өтіп жатқан олимпиадамен тұспа түс келгені қуантады. Жеңіске жеткен клубты бағалы сыйлықтармен марапаттаймыз.

Мұнда балалар тегін тамақ ішіп, кешке алау басына жиналып ән шырқайды екен. Туристік слет келесі жылы да жалғасын таппақ.

Гүлбану Ахметова

 

Бұдан әрі оқыңыз

NewLife орталығының ерекшелігі
“Nur Otan” мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап қызықты шара ұйымдастырды
«Мен әлемді естимін» атты ашық есік күні өтті
Стартапшылардың байқауы өтті
“Нан үйі” атты суретшілер байқауы өтті