Құқық қорғау органдары

Тамыздың 9-да облыс аумағында «Ауыл жолы» жедел алдын алу шарасы басталады

 
Күн сайын жол сақшылары 3 ауысымда кезекшілікке шығып, Петропавлдың барлық көшелерін қатаң бақылайды. Жол ережесін бұзған көлік жүргізушілерін анықтауда бейнекамераның да орны ерекше. Ол қатты жылдамдықпен келе жатқан машинаны лезде суретке түсіріп алады. Өткен аптада тәртіп сақшылары жолда жүру ережесін бұзудың мың жарымнан астам фактісін әшкереледі. 140 жағдайда көлік иелері қаупсіздік белбеуін тақпаған. Сондай-ақ, көлікті жүргізіп келе жатып, ұялы телефонмен сөйлескен 101 жүргізуші жауапқа тартылды. Жылдамдықты асырғандарға қатысты 353 әкімшілік хаттама да толтырылды. Облыстық ІІД Жол полициясы басқармасының ақпараты бойынша, жыл басынан облыс орталығында 215 жол-көлік апаты тіркелді, 33 адам қаза тауып, 258-і түрлі дене жарақаттарын алған. Тамыздың 9-нан бастап облыс аумағында «Ауыл жолы» жедел алдын алу шарасы басталмақ.

 

 Гүлбану Ахметова