Бизнес және экономика

ҚР техникалық реттеу туралы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді



 

ҚР техникалық реттеу туралы заңына өзгерістер мен толықтырулар Кедендік одаққа кіруге байланысты енгізілген. Яғни, бұл шара елді бәсекеге қабілетті ету үшін барлық талаптарға сай болуына ықпалын тигізбек. Осы орайда барлығы 8 кодекс пен 22 заңға техникалық реттеу мен метрология бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп отыр.

  Василий Чепухин, ҚР техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің бастығы:

– Бұл – өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен әкімшілік кедергілерді жоюға ықпал етеді. Ресей және Беларусь елдерімен техникалық реттеу саласында үйлесімді жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Жиын барысында мемлекеттік органдар өкілдері мен кәсіпкерлерге жаңа талаптар мен айыппұлдар мөлшері жайлы айтылды. Өйткені заң талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілік күшейтілген. Сондай-ақ, өлшеу құралдары тексерілмеген жағдайда, нысанды сынақтан өткізу кезінде немесе басқа да материалдық нормаларға қатысты жалған мәлімет берген тұлғалар жауапқа тартылады. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті тауар өндірген тарапқа салынатын айыппұл көлемі де 2-3 есеге өскен.

Данаш Хамзина