Спорт

Болашағынан үміт күттіретін ауыр атлеттер өсіп келеді

Радмир Мұхамеджановтың ауыр атлетикаға ден қойғанына 5 жыл болыпты. Осы уақыт аралығында ол бірнеше жарыстарға қатысып, шеберлігін шыңдап үлгерген. Соңғы рет Талдықорғанда ауыр атлетикадан өткен ҚР чемпионатында ол бірінші орынды иеленген. Лондон Олимпиадасында 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік және олимпиадалық рекордты жаңартқан Илья Ильин кімге болмасын үлгі дейді жас спортшы.

 Радмир Мұхамеджанов, ауыр атлетикадан спорт шеберіне үміткер:
– Олимпиадада спортшыларымыз өте үлкен жетістік көрсетті. Әсіресе Илья Ильин. Тәуелсіз Қазақстан тарихында ол екі мәрте олимпиада чемпионы атанып, әлемдік және олимпиадалық рекордты жаңартты. Меніңше ауыр атлетика осыдан кейін Қазақстанда бұдан да жақсы дамиды деген ойдамын.

Радмир сияқты балаларды қол астына жинап, ауыр атлетиканың қыр-сырын меңгертіп жүрген жаттықтырушысы Ерік Әлібаевтан бүгінде 12 жеткіншек тәлім алады. Болашақта олардың қатарынан да ел намысын арқалайтын Олимпиада жүлдегерлері шығады деген сенімдемін дейді ол.

 Ерік Әлібаев, ауыр атлетика бойынша облыстың аға жаттықтырушысы:
– Біздің 4 ауыр атлетшіміз Олимпиадада алтын жүлдеге ие болды. Олардың жеңісі үшін өте қуаныштымын. Бүгінде жаттығуға қатысып жүрген Айдар Оқазов деген балаға зор сенім артып отырмын. 4 жылдан кейін одан Олимпиада үміткері шығуы мүмкін.

Бүгінде жергілікті ауыр атлетші-спортшылар қыркүйек айында Словакияда өтетін әлем чемпионатына дайындалып жатыр.

Әспет Әбдірешова