Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қолөнер шеберлерінің жиыны


 

 

Бүгінгі күні өңірімізде қолданбалы қолөнерді дамытуға үлкен ден қойылған. Оған он саусағынан өнер тамған жандардың бірі Болатбек Қалдыров куә. Шебердің ағаштан тұрмысқа қажет заттарды жасап жүргеніне 5 жыл болыпты. Осы уақыт ішінде ағаш ұстасы әзірлеген астау, бесік, күбі, қымыз құюға арналған экологиялық таза бұйымдары көптеген отбасылардың дастарханынан орын алған. Жуырда ғана өткен көрмеде шебердің бұйымдары жұртшылық назарына ұсынылыпты.

Болатбек Қалдыров, қолданбалы қолөнер шебері:
– Мен ағаштан тұрмысқа керекті заттарды жасаумен 20 жылдан бері айналысып келемін. Ағаларым өнердің бұл түрін 1992 жылы қолға алған болатын. Бұл бізде отбасылық дәстүрге айналған. Керек ағашты тапсырыс берушінің затына байланысты таңдап аламыз. Бұл оңай шаруа емес. Жүгіріс көп. Нарықта сұранысқа ие астау, бесік, күбіні көп жасаймыз.

Дөңгелек үстелге жиылғандар туризмді дамытуда қолданбалы өнер шеберлерінің де көмегі үлкен дейді. Бұл бағытта облысымыз бойынша 109 этномәдени бірлестік және 400-ге жуық қолөнер шебері қоян-қолтық жұмыс істеп келеді. Жуырда осындай жиын Уалиханов ауданындағы Ақбұлақ ауылында да өтіпті. Онда екі ұлттық киім тигетін шеберхана ашылыпты.

Наталья Хан, «Ассамблея» СҚКҚ директоры:
– 2009 жылдан бастап «Ассамблея» корпоротивтік қоры ауылдық этномәдени бірлестіктерді дамыту аясында іс-шаралар өткізіп келеді. Содан бері қолөнерді дамыту бағытында арнайы курс ашылды. Қолөнерге жақын адамдарды қолдап, көмек көрсетуе әзірміз.  

Облыстық “Ассамблея”корпоротивтік қоры туристерге арналған көрме ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Онда қолданбалы қолөнер шеберлері  жасаған, тарихтан сыр шертер бұйымдар  жұртшылық назарына ұсынылмақ.

Гүлбану Ахметова