Қоғам

Петропавлдық оқушылар халықаралық лагерьде демалды



 

Халықаралық лагерьде балалар 10 күн болыпты. Мұндай мүмкіндікке қаланың жетекші лицейлері мен гимназияларының 15 тәрбиеленушісі ие болған. Халықаралық балалар ауылына барып, жазғы демалысын есте қаларлықтай етіп өтікізгендердің бірі – Глеб Шматков. Ол бірқатар үйірмелерге қатысып, білгеніне білім қосып, жаңа достар тауып, жақсы көңіл-күймен оралған.

 Глеб Шматков, бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің оқушысы:
– Мен лагерде «Милосердие» үйірмесіне қатыстым. Онда мен құмнан түрлі бұйымдар жасадым. Кейін шығармашылық үйірмесіне бардым. Ол жерде өзіме және анама арнап сөмке-қоржын жасадым. Тоқымадан қуыршақтар жасауды да үйрендім. Жалпы лагерьден өте жақсы әсермен оралдым.

Балалар демалыс лагерінде 66 үйірме 8 бағыт бойынша жұмыс істепті. Оқушылар өздерінің қызығушылықтарына қарай бөлініп, бірі әлем тілдерін үйренсе, екіншісі халықтар дәстүрін, көшбасшылықтың қырларымен танысқан. Спорт, қолөнер, тіпті, инновациялық менеджмент жүйесін оқытатын маркетинг мектебіне де қатысқан.

 Маргарита Грушина, «Лорд» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі:
– Халықаралық балалар ауылында оқушылардың өздерін жан-жақты қырынан көрсетуге мүмкіндіктер  туды. Мұнда жас волонтерлар, шаш үлгісін жасау, жас көшбасшылар үйірмелері болды. Соның ішінде ең маңыздысы – тіл үйрету курстары. Балалар аса зор қызығушылықпен қытай, француз, ағылшын тілдерін үйренуге қатысты.

Лагерьге барлығы 40 мемлекеттен 1300-ден артық  жеткіншек жиналған. Үйірмелерге қатысқан балалардың әрқайсысына курсты меңгеріп шықты деген куәлік беріліпті.

-Мен Қытайдан келген қыздан қытай тілін үйрендім. Көптеген сөздерді біліп алдым. Қытай елінің тарихымен таныстым. Лагерьге бірінші рет баруым. Ендігі жылы тағы да барсам деймін.
Мен лагерьге барғаныма өте қуандым. Әсіресе онда есімде қалғаны – лагерьдің ашылу салтанаты. Үйге қайтарда аздап көңілсіздік болды, өйткені біз өзіміздің лагерьдегі жетекшіміз бен достарымызды қимадық.

Халықаралық балалар ауылы бағдарламасы бойынша Барнаулға оқушылар өңірімізден осыдан 10 жыл бұрын барған екен.

Әспет Әбдірешова