Спорт

Жас велошабандоздар құрдастарымен кездесті



 

Мұндай іс-шаралар балалардың жазғы демалыста уақытын тиімді өткізу үшін жылда ұйымдастырылады. Дегенмен, бұл жолы бүлдіршіндердің қуанышы ерекше. Себебі, оларға спортпен айналысып, үздік нәтижеге қол жеткізіп жүрген велошабандоздар шеберлік сыныбын көрсетті. Өскелең ұрпақтың бойындағы спортқа деген қызығушылықты арттырып, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттайтын кездесу жеткіншектердің көңілінен шықты. Ал велошабандоздардың тартымды әңгімесіне қанық болған бүлдіршіндер сыртқа шығысымен жарысқа арналған велосипед жайлы толық мағлұмат алып, естелік фотоға түсті.

– Бүгінгі кездесу өте қызықты өтті. Осындай дәрежеге жеткен жас спорт шеберлеріне бұдан әрі шеберлектірен шыңдай берулеріне тілектеспін.
– Мен де велоспортпен айналысқым келеді. Себебі, бұл спорт менің ойымша, шыдамдылық пен төзімділікті қажет етеді.

“Достық” лагеріндегі балалармен кездесуге облысымызға белгілі велошабандоз Кирилл Пролубников те келген. Ол аталмыш спорт түрімен осыдан 6 жыл бұрын айналыса бастаған. Жетістіктері жаман емес, талай республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстарда топ жарды. Кирилл Александр Винокуровтың Лондондағы жеңісін қайталасам дейді.

 Кирилл Пролубников,  велошабандоз:

– 2007 жылы Александр Винокуровтың «Тур-де-Франста» жеңісін көргеннен кейін осы спортпен тұрақты түрде шұғылдануды шештім. Менің әкем де Александр Винокуровпен бірге велосипед спортына келіп, веложарыспен айналысқан.

Спорт десе ішкен астарын жерге қоятын бүлдіршіндер де Олимпиаданың әрбір күнін асыға күтеді екен. Балалар жерлесіміз Винокуров бастап берген алқалар легі басқа да спортшыларымызға жұғысты болып, қоржынымызды одан әрі алтын медальмен толықтырса деген тілектерін білдірді.

Әсел Күшенғалиева