Спорт

Олимпиада ойындарына бүкіл ел елеңдеп отыр

 

 

Елена Парфенова осыдан 10 жыл бұрын Сиднейде, 2008 жылы Бейжіңде өткен Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. Бұл додаларда жоғары жетістікке жетпегенімен, спортқа 20 жылын арнаған жеңілатлетші кезінде екі дүркін Азия чемпионы атанған. Бүкіл әлем көз тіккен Лондондағы Олимпиадаға қатысып жатқан қазақстандық спортшылардың толғанысы мен қобалжыған сәттері маған жақсы таныс дейді Елена.

 Елена Парфенова, жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
– 6 бірдей алтын медаль – бұл өте үлкен жетістік. Олимпиада аяқталғанша біздің құрамадағы спортшылар елімізге әлі де жүлделі орындарды сыйлайды деген сенімдеміз.

Қазақстан қоржынына бұл додада алтыншы алтынды жеңіл атлетші Ольга Рыпакова сыйлаған болатын. Елена Олимпиададағы спортшылардың әрбір сәтін қалт жібермей көремін дейді.

 Елена Парфенова, жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
– Олмпиада ойындарын қадағалап отыру – бұл тынымсыз түнгі реортаждарды көру, ұйқысыз түндер мен қобалжыған сәттер. Әрбір трансляцияны тағатсыздана тосып, спортшылармен бірге жарыста жүргендей боласың. Кеше біз барлық жеңіл атлетшілер бірге отырып Оляны қолдадық.
Әрине ол өте жақсы ойын көрсетіп,  елдің сенімін ақтады.

Тамыздың 7-8-і біздің өңірімізден аттанған жеңіл атлетшілер Евгений Эктов пен Маргарита Мұқашева сынға түседі. Елена Парфенова жерлестеріміз жақсы ойын көрсетеді деген үмітте.

Әспет Әбдірешова