Құқық қорғау органдары

Заңсыз DVD дискілер шығарған жасырын цехтар жабылды

 

 

Жедел іздестіру шаралары барысында қаржы полициясының қызметкерлері облыс орталығындағы пәтерлердің бірінен контрафактілік DVD-дискілерді тәркілепті. Жүздеген фильмдердің көшірмелерін заңсыз сатумен айналысып келген сезікті бұл істі жалғыз өзі еңсеріп келгенін айтады. Лицензиясыз өнімдерді дайындау үшін мұнда қажетті принтер, ноутбуктар,арнайы қағаздар мен таза дискілер сынды дүниенің бәрі бар көрінеді. Жедел іздестіру шаралары кезінде қала пәтерлерінің бірінде астыртын жұмыс істеген тағы бір цехтың жұмысы әшкереленді.

 Нұрлан Жахин, СҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
– Қазіргі уақытта департамент қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында екі астыртын цехтың жұмысы тоқтатылды. Олар құқық иелеріне 3 млн астам залал келтірген болатын. Қазіргі уақытта бұл анықталды.

Іздестіру шаралары барысында қос цехтан шыққан контрафактілік өнімдер сатылып келген 5 сауда нүктесі белгілі болды. Заңсыз дискілер негізінен қаланың «Страна товаров» және «Қорона» сауда орталықтарының маңы мен «Тайга», «Орталық көтерме», «Коммуналдық» базарларда саудаланған.

 Нұрлан Жахин, СҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
– Қылмыстық іс ҚР қылмыстық кодексінің 184-ші бабы 4-ші бөлігімен қозғалған болатын. Яғни олар кінәлі болып табылса сотпен олар бес жылға бас бостандығынан айырылады Дискілерді тәркілеу барысында 7000-нан астам фильмдер және 3000-нан астам таза дискілер тәркіленген болатын.

Аталмыш фактілер бойынша 6 азаматқа қатысты 2 қылмыстық іс қозғалды.

Әспет Әбдірешова