Құрылыс

“Қазақтелекомның” сыйлығы

 

 

 

«Қазақтелеком» компаниясы өз абоненттеріне тағы да жаңа мүмкіндіктер сыйлап отыр. Бұл жолы акционерлік қоғам «Megaline Turbo» тарифтік жоспары бойынша интернет қызметіне тегін қосылуға және бір ай интернетті тегін пайдалануға мүмкіндік береді.

Руслан Ахметов,«Қазақтелеком» АҚ СҚ филиалының ОТД коммерциялық директоры қызметін атқарушы:
– Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 39 000-нан астам тұтынушы интернетке қосылудың кеңжолақты мүмкіндіктерін пайдаланады. Сонымен қатар клинеттеріміздің арасында ІD Net қызметі де кең таралған. Ал «Turbo» тарифтік жоспарына 4000-ға жуық абонент тіркелген.

Тарифтік жоспарға қосылуға ниет білдіргендердің өтініші көп дегенде үш күн ішінде қаралады. Бұл қызметті пайдаланғандардың бірі – Жанетта Заболотская тарифтік жоспарға қосылғаныма еш өкінбеймін дейді.

 Жанетта Заболотская:
– Жылдамдығы өте жақсы. Ешқандай қиындықсыз интернеттен онлайн арқылы фильмдерді көре аламыз. Баламның да көңілінен шықты, бастысы осы ғой.

Сонымен қатар, компания ұсынып отырған Turbo тарифтік жоспарына қосылуға тілек білдіргендерді сыйлық ретінде 4 портты Wi-fi модемі күтіп тұр. «Турбоға қосылғаны үшін сыйлық» акциясының бастау алғанына көп бола қоймаған.

 Денис Насретдинов:
– Қолыма жарнамалық кітапшалардың бірі түскеннен кейін, осында келуді жөн санадым. Бұрын біздің ауданда Интернетке мүлде қосыла алмайтынбыз. Енді бұдан былай Turbo -интернетінің мүмкіндіктерін көретін боламын.

Акция тамыз айының соңына дейін жалғаспақ. Оған қатысуға өтініш білдіргендердің тілектері 160 номері бойынша қабылданады.

Әспет Әбдірешова