Қоғам

Оқушыларға медиация туралы

Тренингке қала мектептерінің ұстаздары мен оқушылар қатысты. Білім ошақтарын оқушылар арасында келіспеушілік туындайтын жағдайлар жиі кездеседі. Бүгін олар “Медиация туралы заң” аясында қызмет ететін “медиатордың” негізгі міндеттерімен танысты. Дауласып қалған екі тарапты татуластырып, бітістіретін тұлға талапкер мен жауапкерді қанағаттандыратын ортақ шешім шығаруы тиіс.

Марина Барсукова, медиация Академиясының директоры, Барнаул қаласы:

 

– Бұл қызметтің көмегімен өзара келіспеушілік туындаған адамдардың одан әрі қандай қарым-қатынаста болатыны анықталады. Медиатор – бейтарап, істің нәтижесінде мүдделі емес ерікті азамат. Сондықтан ол туындаған дау-дамайды сот органдарына жеткізбей, мүмкіндігінше жанжалдасқандарды бітімгершілікке шақырады.

Кезінде қазақ қоғамындағы неше түрлі даулы мәселелерді, екі ауыз сөзбен ғана шешкен аузы дуалы билер болғанын тарихтан жақсы білеміз. Міне, енді «Медиация туралы» заң қазақ халқының бүкіл әлемге үлгі етерлік, ұмытыла бастаған жақсы салт-дәстүрін қалпына келтіру бағытындағы игі қадамға айналды. Облысымызда медиация қоғамының құрылғанына 2-ші жыл ғана болыпты.  

Александр Шпигоцкий, «Кәсіби медиаторлардың Солтүстік Қазақстан облыстық ассоциациясы» ҚБ президенті:

Сергеевка қаласында балалар арасында жанжал болды. Онда жеткіншектер үй аспаптарын қолды еткен болатын. Бұл дау-дамай медиацияның көмегімен шешіліп, арызданушы және кінәлілер өзара бітімге келді.

Семинарда сөз болған жағдайлар, түрлі келіспеушіліктермен әр адам кезігуі мүмкін. Сондықтан оқушылар өздеріне қажет ақпаратты жазып алуға тырысты. Мұндағы берілген кеңестің барлығы алдағы өмірде жарап қалар дейді оқушылар:

Әйгерім Әбдрахманова:

Семинар өте ұнады. Көптеген ақыл-кеңестер алдық. Алдағы уақытта осындай жағдайларға тап болсам, өзімді қалай ұстау керек екендігін үйрендім.
Екатерина Вакульчик:

-Біздің мектеп қабырғасында татуластық қызметі жұмыс істейді. Балалар достарының арасында туындаған келіспеушіліктерді әркез ата-аналарына айта бермейді. Сондықтан ушыққан мәселені шешуде медиатор әбден қажет.

Петропавл қаласында оқушыларға арналған мұндай семинар-тренинг алғаш рет өткізіліп отыр. «Дауларды шешудің жолы ретінде медиация және қалпына келтіру тәсілі» тақырыбындағы тренинг 2 күнге созылмақ.

Әсел Күшенғалиева