Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңір басшысының Жамбыл ауданына жұмыс сапары


 

Бүгінде Жамбыл ауданындағы “Атамен Агро” ЖШС-і жаңа мал фермасын салып жатыр. Шаруашылық басшысы қысқы уақытқа ферманың төбесін шөппен жауып, әр біреуінде 85 бас мал асырамақшы. Облыс әкімі Серік Біләлов серіктестіктің дайындығын қарап, жем-шөп қорын байқады.
Өңір жетекшісі Казанка селосындағы “Жастар” спорт кешеніне де соқты. Мұнда үлкен ойын залы, жаттықтырушыларға арналған бөлме бар. Ал бассейн жуық арада пайдалануға беріледі. Бұдан кейін облыс әкімі “Атамекен Агроның” қызметкерлері арасында ұйымдастырылған спартакиаданың ашылу рәсіміне қатысты.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:

-Еліміздің спортшылары талай әлемдік жарыстарда биіктерден көрінуде. Қазақстанның атын әлемге танытқан жеңімпаздарының ішінде біздің жерлестеріміз де бар. Олардың спорттағы ерлігі жастарға үлгілі болмақ.

Облыс әкімі “Жастар” спорт кешеніне сыйлық ретінде жүгіруге арналған спорттық жабдықты тарту етті.
Жаңадан ашылған нысандағы алғашқы жарысқа 12 команда қатысуда. Олардың қатарында Ақмола облысының өкілдері де бар. “Атамекен-Агро» және «Шатило и К» серіктестіктері бірлесіп тұрғызған кешенде спорттың бірнеше түрі бойынша сайыстар өткізуге болады.

Фархад Джазин, «Атамекен Агро» АҚ бас директоры:

– Спорт кешені 3 айдың ішінде бой көтерді. Бұл мақсатқа 15 млн теңге жұмсалды. Нысанды Казанка орта мектебіне сыйға тартпақшымыз. Сол себептен «Жастар» деп аталады. Енді, оқушылар салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа ден қояды деген ойдамыз.

Өңірдің біріншісі басшысы «Агротехника Жамбыл» ЖШС егіс алқабына да ат басын бұрды. Агроқұрылым 10 600 га жерге бидай еккен. Тың технологияларды пайдаланудың арқасында қуаңшылыққа қарамастан, егін бітік шығуда.

Александр Приходченко, «Агротехника Жамбыл» ЖШС директоры:

-Жауын- шашынның аздығына қарамастан, мол өнім аламыз деген үміттеміз. 4 жаңа “Джондир» комбайнын сатып алдық. Тамыз айының ортасында орақ науқанына кірісеміз. Гектар берекелілігі 15 -16 центнерден айналуы тиіс.

“Сыбаға” мемлекеттік бағдарламасы болса, елді мекендердегі тұрғындардың мал шаруашылығына ден қоюына мүмкіндік берді. Серік Біләлов бағдарламаға жүгінуді ниет еткен азаматтармен жүздесті. Новорыбинка селолық округінің тұрғындары жеңілдетілген несие алып, өз істерін дөңгелетіп алмақшы.
Бұдан соң облыс әкімі Кладбинка селолық округіне қарасты «Ақан» шаруа қожалығының алқаптарына аялдады. Шаруашылық 135 тоннадай мал азығын әзірлеп қойған. Бидайдың да шығымы жақсы көрінеді. Күзде гектар берекелігі шамамен 15-20 центнер болады деп күтілуде.

Тілеген Жүсіпов, «Ақан» ШҚ басшысы:

-Парда бұдан да жақсы. Бұйырса 15-20 центнерден  өнім алмақпыз. Тұқымның бірінші репродукциясын Меңкесерден алдық.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында Зеңгі баба төлін өсіріп, табысқа кенелгендердің бірі – аудандағы «АННА» шаруа қожалығының басшысы. Кәсібін кеңейту үшін Анна Виссарионова мемлекеттік бағдарлама бойынша 3 млн теңгеге тайыншалар сатып алған.

Анна Виссарионова, «Анна» ШҚ басшысы:

-«Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие рәсімдеп, қара мал сатып алдық. Үстемақысы 6 пайыз, өтеу мерзімі де тиімді. Қарызды 2 жылдан кейін қайтара бастаймын. Бүгінгі күні қара малдар төлдеп жатыр. Сонымен қатар, күнделікті 40 теңгеден 120 литр сүт саудалаймыз. Қысқы маусымға жем-азық дайындау жұмыстары ойдағыдай жүргізілуде.

Шаруашылықтың тіршілігімен танысқан облыс әкімі Серік Біләлов «Сыбаға» бағдарламасының арқасында мал басын мейлінше көбейту керектігін атап өтті.

Материалды «Қазақстан-Петропавл» арнасының тілшілері әзірледі