Қоғам

Мектеп психологтары ізденіс үстінде

 

 

Жиында білім саласын дамытуға бағытталған 2011-2012 жылдара арналған мемлекеттік бағдарлама төңірегінде әңгіме өрбіді. 35 елде жүргізілген зерттеулер бойынша білім саласының алға басуы – психологиялық жүйемен тығыз байланысты екендігі анықталыпты. Сондықтан психологтар мен әлеуметтік педагогтардың біліктілігі жоғары болғаны абзал. Қазіргі таңда елімізде бұл мамандардың білімі мен шеберлігін арттыру қолға алынып отыр. Бүгінгі өтіп жатқан семинар да осы мақсатта ұйымдастырылған.

 Резеда Баймұхаметова,  «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ әдіскері, психолог:
-Облыстың мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтары оқу жылына дайын деп айтуға болады. Өйткені олар бүгінгі секция барысында жаңа әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілді. Қазір біз әдістемелік орталық арқылы жаңа құралдар дайындап, орыс тіліндегі диагностикалық материалдарды қазақ тіліне аударып, әлеуметтік педагогтар мен психологтарды осы құралдармен қамтамасыз етіп отырмыз.

Өңірдің білім беру ошақтарында бүгінде 529 әлеуметтік педагог пен 484 психолог жұмыс істейді. Алғашқы жарты жылдықта 25 әлеуметтік педагог курстық дайындықтан өткен.

Тамара Қалиева, СҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы:
-Әр оқушымен жеке жұмыс жасаған жөн. Балалардың жаңашылдықтарға тез бейімделуі үшін біраз жұмыс жасау қажет. Мектеп оқушыларының құқық бұзушылыққа, өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін қылықты болдырмау үшін тиісті шараларды қолдану керек.

Жиылғандар бір-бірімен тәжірибе алмасып, өздеріне қажетті құнды мағлұмат алып тарқасты.

Айдана Демесінова