ТКШ

Жылу жүйелерінің қысқа әзірлігі тексерілуде


“Қыс қамыңды жаз ойла” демекші қаланың бірқатар мемлекеттік мекемелері жылыту маусымына   әзірлікті бастап кетті. Жылу желілерінің қауырт кезеңге дайындығын ерте бастан қадағалап, орын алған олқылықтар болса, оларды жөндеуді қолға алған мекемелердің бірі – облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы. Бүгінде мұнда «Эталон» ЖШС-нің жұмысшылары жылу құбырларын гидропресстің көмегімен шайып, тексеруде.

 Досбол Икбаев, «Эталон» ЖШС директорының орынбасары:
– Бүгінде білім беру орындары, мектептер мен балабақшалардың жылу желілерін тексердік. Біз олармен мемлекеттік тапсырыс арқылы жасалған келісімшарт негізінде жұмыс істейміз.

Ал жеке баспана иелері болса, жылу құбырларының бүтіндігін тексеру жұмыстарын жасауға асықпайтын сияқты. Соның кесірінен қыстыгүні көп апаттар орын алып жатады дейді қызмет көрсетуші компания өкілдері.

 Досбол Икбаев, «Эталон» ЖШС директорының орынбасары:
– Қыста апатты жағдайлар болмауы үшін гидравликалық сынақтар міндетті түрде жүргізіледі. Бүгінде мекемедегі құбырларды толықтай тексеріп шықтық. Бәрі қалыпты, енді жылыту маусымына дайын екендігі жөнінде құжаттарды әзірлейміз.

«Эталон» ЖШС-не осы кезге дейін көпқабатты 13 үйдің жылу желілерін тексеру туралы өтініш түскен.

Әспет Әбдірешова