Құқық қорғау органдары

Ювеналдық сот жұмысын бастады

Бұл қажеттіліктен туған шара дейді мамандар. Өйткені бала құқығын қорғау үшін үйлескен жұмыс қажет. Бұндай тәжірибе шетелде әуелден қолданылады екен. Ювеналдық сот жүйесі қоғамның тұрақтылығын нығайтып, жастар арасында болып жатқан жайттарға белсенді әрекет етуге ықпал етпек. СҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өз жұмысын шілденің 2-нен бастады. Мұнда тек балаға қатысты істер қаралады. Ерлі-зайыптының ажырасуы кезінде ортақ баланың кіммен қалуы, ата-ана құқығынан айыру, асырап алу және баланы басқа біреуге қамқорлыққа беру мәселелеріне қатысты шешімдер ювеналды

қ сот залында шығарылады.

Бақыт Қасейінов, СҚО кәмелетке толмағандар істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:

– Жұмыстың негізгі бөлігін қалалық прокуратурадан келіп түскен істер құрайды. Сондай-ақ, әкелердің алимент төлеуден жалтару жағдайлары да жиі кездеседі. Азаматтық істерді 2 ай қарастырамыз, кейде 1 ай қарап шешім шығаратын кездер болады.

Жеткіншектер 14 жасқа толған соң ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал әкімшілік заңбұзушылыққа барған бала үшін ата-анасы жазаланады. Дегенмен, жаңа органның мақсаты – заңбұзушыны жазалап қана қоймай, бастысы бала құқығын қорғау және жас бұзақыны тәрбиеге шақыру болып табылады.

Бақыт Қасейінов, СҚО кәмелетке толмағандар істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:

– Жақында бір іс бойынша үкім шықты. Кәмелеттік жасқа толмаған 2 жасөспірім үшінші баладан ақша талап еткен. Бұл әрекет ауыр қылмыс санатына жатады. Бірақ, екі жақтың келісуі нәтижесінде іс жабылды. Бұрындары мұндай амал тек жеңіл және орташа дәрежедегі қылмыстарға қатысты ғана қолданылатын. .

Жауапкершіліктен құтылып кеткенімен, бұзықтарға бұдан былай арнайы орган өкілдерін ескертпей тұрақты мекен-жайын өзгертуге, жол жүруге және кешкі 10-нан кейін көшеге шығуға тыйым салынды. Барлығы ювеналдық сотта қазір 50 әкімшілік, 40 азаматтық және 15 қылмыстық іс қарауда жатыр.

Данаш Хамзина