Бизнес және экономика

Еңбекпен қамту карталары жасалып жатыр

 

 

Өңірдегі еңбек нарығының ахуалы, жалдамалы жұмысшылар мен өзін-өзі еңбекпен қамтыған азаматтар саны – осы және басқа да көрсеткіштердің барлығы 2013-2015 жылдарға арналған картада көрініс табады. Облыс аудандары аталмыш картаны құру жұмыстарына бірнеше ай бұрын кіріскен. Кәсіпорындар мен ұйымдарда сауалнама жүргізу арқылы жұмысшы кадрларға  сұраныстың қаншалықты екені анықталмақ. Сонымен қатар, осы күні қолда бар санақ мәліметтері де есепке алынады. Осындай талдау шараларын жүргізудің нәтижесінде Тайынша ауданында құрылысшы, дәрігер, агроном мамандықтарына сұраныстың жоғары екені белгілі болған. Керісінше, эконимист, есепші, заңгер мамандығын меңгергендер көбейіп, осы күні тиісті жұмыс орындарын таба алмай жүр.

Николай Трифонов, Тайынша ауданы әкімінің орынбасары:
-Жұмыссыздықты болдырмау мақсатында біздің ауданда көптеген істер атқарылып жатыр. 2013-2015 жылдарға арналған жұмыспен қамту картасын әзірлегенде еңбекпен қамту ғана емес, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері де назардан тыс қалмайды. Және жастардың жоғарғы оқу орындарын аяқтағаннан кейін қызметке тұруына жағдай жасалады.  

“Жұмыспен қамту-2020” бағдарламасы қазіргі таңда барлық аудандарда іске асып келеді. Алайда, арнайы зерттеу, болжамдау шаралары жүргізілмейінше, бағдарламаның нәтижелі болуы екіталай дейді ҚР Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы бас директорының бірінші орынбасары Сәуле Дюсенова. Алдағы 3 жылға жоспарлаған жұмыспен қамту картасының нәтижесінде қол қусырып жүргендердің қатары сирейді, өзін-өзі еңбекпен қамтыған отандастырымыздың саны да азаюы тиіс. Бастысы тұрмыс қауқары төмен отбасылардың саны азаймақ.

 Сәуле Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК бас директордың бірінші орынбасары:
– Барлық өңірлердің жұмыспен қамту картасын әзірлеуді қолға ала бастағанына біраз уақыт болды.
Әр ауданның күн көріс көзі әр алуан. Бастысы, кім қандай шаруаны қолға алса да, зейнетақы қоры мен сақтандыру орталықтарына тиісті аударымдар мен төлемдер жасап тұруы тиіс. Бұл ертеңгі күні зейнетке шыққанда алатын ақшалары. Міне бүгін солтүстік өңір есеп берді.

«Аймақтарды жұмыспен қамтудың 2013-2015 жылдарға арналған картасы» осы айдың соңына дейін әзірленіп бекітілуі тиіс.

Гүлбану  Ахметова