Құқық қорғау органдары

Полицейлер марапатталды

 

 

 

Облыс орталығының қоғамдық тәртібін күзетуге күн сайын 200-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылады екен. Жиында қызмет барысында көзге түсіп, біраз жетістіктерге қол жеткізген полицейлер мен 66/37 әскери бөлімі жауынгерлерінің есімдері аталды. СҚО ІІД-нің бастығы полиция полковнигі Мұрат Ұрұмхановтың бұйрығымен 16 тәртіп сақшысы алғыс хаттармен және ақшадай сыйлықпен марапатталды. Сондай-ақ 6637 әскери бөлімінің үш жауынгері алғыс хатқа ие болды. Гарнизондық байқау салтанатты шерумен аяқталды. Жыл басынан кешенді полиция күшінің құрамына енетін әскери бөлім жауынгерлері және жеке күзет құрылымдары қызметкерлерінің көмегімен 30-ға жуық қылмыс ашылды. Облыстық ІІД басшылығы осы сынды шаралар тәртіп сақшыларының адал қызмет атқарып, өз ісіне үлкен жауапкершілік танытуына септесетіндігіне сенімді.

Айдана Демесінова