Қоғам

Ардагерлер тегін емделуде



 

Алексей Апретов Ұлы Отан соғысына қатысып, 1943 жылы Калинин майданында жарақат алған. Алғашқы оқ оң иығына тиген екен. Кейінгісі жамбас-сан буындарын зақымдаған. Бүгінгі күні жарақаты ауырып, мазасын алатын көрінеді. Қария жыл сайын мемлекеттің қолдауымен санаторлық-шипажайда ем алады екен.

Алексей Апретов, ҰОС қатысушы:
-Мұндағы емдік шаралар көмектеседі, ауырғанды біраз басады.
Әсіресе электрмен емдеу дауалары ұнайды. Осындай процедуралардан кейін жағдайым біраз жақсарады.

Александр Козин де  – сұрапыл соғыс жылдары Отан үшін күрескен ардагерлердің бірі,  де «Транссиб» профилакториінде 3-ші күн ем алып жатыр. Мұнда азаматтардың дерттеріне шипа болатын түрлі ем-шаралар қолданылады. Мәселен, қонақтар   спелеотерапия кабинетінде иондалған ауамен дем алады, сондай-ақ демалуға келгендер далада таза ауа жұтып, серуендейді.

Александр Козин, ҰОС қатысушы:
Жыл сайын бізді емдеу-сауықтыру орталықтарына аттандырады. Осыған алғысымды айтқым келеді. Өйткені бұл бізге деген үлкен көмек. Біздің деніміздің сау болуы үшін жасалып жатқан шаралар.

Ардагерлер жыл сайын мемлекет қаржысына санаторлық-курорттық жерлерде ем алады. Биыл бұл мақсатта қала бойынша 15 млн 800 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күнге дейін оның 14 млн теңгеден астамы игеріліпті.

Айгүл Ахметова, Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ардагерлер және мүгедектермен жұмыс жөніндегі секторының меңгерушісі:
Өтініш білдірген азаматтар емдеу-сауықтыру орталықтарында дем алды. Оның 25-і ҰОС мүгедектері, өзге мемлекет аумағындағы әскери қимылдарға қатысқан 60 азамат, 27 адам ҰОС қатысушылардың жесірлері, 43 солтүстікқазақстандық Чернобыль апатын залалсыздандырғандар. Олар емдеу-сауықтыру орнын өздері таңдады.

Осы жылдың соңына дейін тағы 18 азамат санаторлық шипажайда ем қабылдай алады.

Айдана Демесінова