Қоғам

Тұтынушылар құқығын қорғауға бағытталған меморандум

 

 

Бүгінгі күні тұтынушылардың құқығы жиі бұзылатыны жасырын емес. Соңғы бір жылда ғана кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқығын қорғау қауымдастығына 300 мыңға жуық шағым түскен.

Надежда Дубовая, “Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқығын қорғау қауымдастығы” СҚ қоғамдық бірлестігінің төрайымы:
Негізінен тұтынушылар мердігерлердің жұмысына, тұрмыстық, медициналық қызметтердің сапасына шағымданады. Сауда саласында құқықбұзушылық өте жиі орын алады. Сапасы төмен киім-кешек, тұрмыстық техника, жиһазға қатысты арыздар көп. Азық-түлік сататындар түрлі айлаларын жүзеге асырып жатады.

Осындай оқиғалардың алдын алу үшін халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу керек дейді кездесуге келгендер. Тұтынушылар өз құқықтарын білулері тиіс. Тек біліп қана қоймай, қалай қорғау қажеттігінен хабардар болғаны шарт. Бұл бағытта енді кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқығын қорғау қауымдастығы мен монополияға қарсы инспекция бірлесе жұмыс атқармақ.

  Арман Өтегенов,  СҚО бойынша монополияға қарсы инспекция бастығы:
Инспекция мен Ассоциация арасында меморандум жасалды. Онда тұтынушылардың құқығын қорғаудың негізгі бағыттары анықталған.

Меморандум шеңберінде тараптар өзара ақпарат алмасып, заңнаманы жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын да әзірлемек.

Айымгүл Әбілева