Қоғам

Тайыншада қоныстойлары болып жатыр

 

 

Болашағы жоқ ауыл тұрғындарын экономикалық дамуы бар орталықтарға көшіруге жәрдемдеск – бұл «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының 3-ші бағыты. Оның аясында Тайынша қаласында өткен жылдың соңында  2 үйдің құрылысы басталған болатын. Жаңа баспананың кілттері 8 жанұяға салтанатты түрде табысталды.

 Иван Турков, Тайынша ауданының әкімі:
– Ауданымыздағы 13 ауыл әлеуеті төмен елді мекендерінің қатарына енді.
Сол ауылдардың тұрғындары аудан орталығы мен экономикалық әлеуеті жоғары ауылдарға қоныстандырылмақ. Сіздерді жаңа баспананың кілтіне ие болуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын.

Сондай-ақ қуаныш иелеріне облыс әкімінің атынан «Отау ТВ» ұлттық сандық телевизия кешені табысталды.  Бұған дейін Кеңес ауылында 2 отбасы ғана тұрған екен. Олар енді жаңа баспаналарына көшіп, көрші болып отыр. Солардың бірі -Бахтияровтардың жанұясы. Олар бірден үйлеріне жиһаздар орналастырып, қоныстарын жайғастыруға кірісті.

  Майра Бахтиярова:
Үлкен теледидар алып, екі бөлмені өз талғамымыз бойынша жайғастырамыз деп ойлаймын. Бәрі ұнады.  

Түкеевтер жанұясы да  жаңа қоныста дастархан басына жиылды. Жаңа баспанаға қасиетті Рамазан айында көшу – жақсылық нышаны дейді отағасы. Сондықтан олар бұл жерге тез сіңісіп кететіндеріне сенімді.

  Ораз Түкеев:
Осындай игілікті істер жасаған аудан басшысына. Облыс әкіміне алғыс айтамыз.   Өмір бойы Кеңес  ауылында тұрдық. Жұбайым мұғалім болып істеді. Енді аудан орталығында екеуімізге де жұмыс табылады деп сенеміз.  

Үйлерге орталықтандырылған жылыту жүйесі және су тартылған. Баспаналардың құрылысына шамамен 40 млн теңге қаражат жұмсалыпты.

 Сәуле Жәкенова, Тайынша аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры:
Оларды жұмыспен қамту да жоспарланып отыр.   Жоспарымыз бойынша қыркүйек айының соңына дейін тағы 2 үй тапсыруды жоспарлап отырмыз.  

Бұл биыл облыста «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша тапсырылған алғашқы баспаналар. Барлығы Тайынша ауданында 46 үй бой көтермек.

Инеш Шоқақова