Спорт

Таэквандошылардың шеберлік сағаты



 

Акция қала тұрғындарын салауатты өмір салтына шақыру мақсатымен ұйымдастырылыпты. Оған қатысушы жас спортшылардың көбінің халықаралық сайыстарда тәжірибесі қалыптасып үлгерген. Ал Максим Анисиевич таэквандомен  не бары бір жыл ғана шұғылданады. Болашақта үлкен спорт додаларына қатысуды армандайтын спортшы әзірге жолдастарынан жекпе-жектің қимыл-қозғалыстарын үйреніп жүр.

 Максим Анисиевич:

Маған таэквандо өте ұнайды. Өйткені мұнда жақсы үйретеді. Болашақта әлем чемпионаттарына шығатындай жетістіктерге жеткім келеді. Менен басқа мұнда ағам мен інім қатысады.

Балаларды Илья Хван жаттықтырады. Бүгінде оның жетекшілігімен 30 жасөспірім осы спортты меңгеруде.

 Илья Хван, таэквандодан жаттықтырушы:
– Таэквондо кәріс ұлтының жекпе-жегі болып табылады.
Онда адамның барлық бұлшық еттері қозғалады. Негізінен аяқпен көбірек жұмыс істеу талап етіледі. Жалпы адамдар спортқа тартылулары керек. Мен 5-тен 12 жасқа дейінгі балаларды жаттықтырамын.

Акцияға қатысушылардың спортқа деген ынтасы мен көңіл-күйлері де көтеріңкі. Олардың әрқайсысы өз шеберлігімен бөлісуге әзір. Бастысы, қала тұрғындарын салауатты өмір салтын сақтауға шақыру дейді шараны ұйымдастырушылар.

Дамир Рамазанов, «Basis» ҮЕҰ ресурстық орталығы» ҚБ ұйымдастырушысы:
 Шараның мақсаты – осында келіп, дем алушылар мен жаттығатын адамдарды таэквандоға тарту. Жалпы біз спортқа байланысты іс-шараларды жиі өткіземіз. Таэквандо бойынша шеберлік сыныбы алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұдан бөлек волейбол, футбол, каратэ, гір көтеруден көрсетпе орындаулар болып тұрады.

Шараны ұйымдастырушылар алдағы уақатта да осындай іс-шаралар өткізу жоспарымызда бар дейді.

Әспет Әбдірешова