Қоғам

«Білім» бастауыш партия ұйымының отырысы



 

Президент «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында білім саласын жетілдіру мәселесіне үлкен көңіл бөлген. Сондықтан жиынға қатысушылар оқу орындарының техникалық базасын жақсарту, білім беру жүйесін жаңа сатыға көтеру бағытында өз ұсыныстарын жасады.

 Шәрбан Таймуллина, «Білім» бастауыш партия ұйымының төрайымы:

– Ұстаздар қауымына жақсы тілектер қойылған. Кітаптардың, бағдарламалардың жаңаланып, қаралып, толықтырылып шығарылуы және ұстаздарға қойылған талаптар ғана емес, көп көмек көрсетілсін деген жайттар айтылған. Осының барлығы орындалса, олардың жұмыстары да нәтижелі болады.

Жиынға қатысқан мәслихат депутаттары, мұғалімдер, кейінгі буын Елбасының мақаласы болашаққа айқын жол ашып, жұмысымызға серпін беріп отыр дейді. Жәния Құсайынова білім беру саласында 10 жыл еңбек етуде. Бүгінгі жиында ол белсенділік танытып, ой бөлісті.

 Жәния Құсайынова, №12 орта мектеп мұғалімі:

Елбасының мақаласын толығымен қолдаймыз. Сапалы білім беру мен жастардың тәрбиесі қазақстандық қоғамның жаңғыруының маңызды ресурсы болып табылады. Сондықтан  бастауыш сынып мұғалімдері оқушыларға білімнің мұқалмас негізін салып беру жолында көптеп еңбек етулері керек.

Жиын барысында облысымызда бағдарламаны толықтай жүзеге асыруда еш кедергі жоқ екендігі аталып өтті. Үстіміздегі жылы өңір мектептеріне 36 млн теңгеге 9 химия кабинеті мен 5,5 млн теңгеге мультимедиялық лингофон сыныбы сатып алынбақшы. Сонымен қатар ақпараттық білім беру жобасы аясында қалалық 33 мекеме “Okynet.kz” ғаламтор желісіне қосылған.

Әсел Күшенғалиева