Құқық қорғау органдары

Әділет департаменті жартыжылдықты қорытындылады

 

 

 

Облыстық әділет департаментінің көмегіне “Электрондық үкімет” порталы арқылы жүгінгендер басым. Оның ішінде ағымдағы жылдың 1 жартысында некесін қиғысы келетіндерден 126 өтініш түскен, ал 2-уі ажырасуға арызданғандар. Онлайн тәртібінде тіркеу сияқты қызметті өңіріміздің 300 заңды тұлғасы пайдаланып, 14 филиал өкілдік есептік тіркеуге тұрған. Сондай-ақ, «ҚР  Нотариат туралы»  заңға өзгерістер енгізілді.

Ернар Сейдімбеков, СҚО әділет департаментінің бастығы:
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жылжымайтын мүліктер туралы қателіктер жіберілген жоқ. 31 мыңнан астам жылжымайтын мүлік тіркелді. Одан түскен салық 50 млн. артады. Уақытылы жылжымайтын мүлікті тіркемегендер әкімшілік жазаға тартылды. Өмір талабына сай кейбір заңнамаларға үлкен өзгерістер енгізілді. Оның ішінде  нотариат туралы заңға Осы ретте 8 нотариус қосылып отыр.  

Жиында аудандық әділет басқармаларының қызметтері сараланды. Кемшіліктер де бар. Ол  атқарылған жұмысқа уақтылы есеп бермеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бағытындағы шаралардың ұйымдастырылмағаны, заңды елемей, өз ісіне салғырт қарау. Азаматтардан түскен шағымдар да жоқ емес. Арызданғандарға қатысты облыстық әділет басқармасының 8 қызметкері тиісті жазасын алған.

Гүлмира Бекқожина, СҚО әділет департаментінің бөлім бастығы:
– Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 16 әріптесіміз басқа қызметке ауыстырылды. Онының лауазымы жоғарылады. Жазаға тартылған азаматтардың 3-еуі облыстық аппараттан болса, қалған 5-уі ауданнан.
Ал, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзғандар тіркелген жоқ.  

Облыстық әділет департаментінің бастығы қол астындағыларға әр тоқсан сайын есеп беріп тұруларын тапсырды. Ал заңды елемеген қызметкерлер қатаң жазаланады деді.

Гүлбану Ахметова