Спорт

Шағын футболдан жарыс


 

Балалар мен жасөспірімдер клубтары арасында шағын футболдан жарыстар жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Бұл жолғы тартысты додада 120 спортшы бақтарын сынады. Алғашқы турдың жартылай финалына ең мықты деген “Балдырған”, “Достық”,”Ровесник” және “Спектр” командалары шықты. Олар екінші турға жолдама алу үшін өзара мықтыны анықтады. Жақсы ойын өрнегін көрсеткен «Балдырған» командасы қарсыластарының қақпасына 7 рет гол соқты. Сөйтіп, үздік үштікті 7 / 0 есебімен «Балдырған» командасы тұйықтады. Бұл құраманың алғашқы үлкен жеңісі.

 Әлихан Мақсұт, “Балдырған” балалар мен жасөспірімдер клубының капитаны:
– Бүгінгі ойын өте жақсы өтті. Біз қарсыластарымызды жеңдік. Келесі жылы дайындығымызды пысықтап, бас жүлдені алуға ниеттіміз.  

Тартысты додаға 15-16 жас аралығындағы жеткіншектер қатысты.

 Ольга Сокол, қалалық әкімдік жанындағы мектептен тыс жұмыстар жөніндегі балалар-жасөсіпірімдер орталығының әдіскері:
– Шағын футболдың бірінші туры 24 шілдеде басталды. Оған барлығы 12 команда қатысты. Тамыз айында ойынның екінші кезеңінде 1999-2000 жылғы жасөспірімдер жарыс алаңына шығады.
Жеңіске жеткен командаларды грамота және кубоктармен марапаттаймыз.  

Бірінші орынға “Достық” пен “Спектор” командалары таласты. Шағын футболдың екІнші туры тамыз айында өтпек. Жеңімпаздардың есімі сол кезде анықталмақ.

Гүлбану Ахметова