Қоғам

Түмендіктер гуманитарлық-техникалық колледжде және Абылай хан резиденциясында болды



 

Гуманитарлық-техникалық колледж – қаладағы көне оқу орны. Бұл білім ордасының 82 жылдық тарихы бар. Мұнда 5 оқу-лабораторлық корпус жұмыс істейді. Колледжде білікті маман даярлап шығару үшін тәжірибеге көп көңіл бөлінеді. Сондықтан студенттерге барынша жағдай жасалған. Түмен облысының губернаторы Владимир Якушев бастаған делегация өкілдеріне колледж ұжымы оқу ісіндегі мүмкіншіліктерін паш етті. Көрмеге оқыту барысында қолданылатын түрлі станоктардың макеттері қойылыпты. Құрылғылар жай үлгі болса да жұмыс істейді. Бұлардың нағыз үлкен түпнұсқалары зауытта тұр.

Петр Герцель, гуманитарлық-техникалық колледж  оқытушысы:

– Зауыттағы жұмысты жақындату үшін колледжде ресурстар барынша пайдаланылады. Макеттер зауыттық станоктар бойынша дәлме-дәл жасалған. Бізде студенттер лабораторияда тәжірибеден өтеді, содан кейін білімін шыңдау үшін кәсіпорындарға жіберіледі.

Көрмеде «ВАЗ», «ГАЗ» және «Волга» көліктерінің қозғалтқыштарын, жуу машинасы мен газ плитасының бөлшектерін көруге болады. Мысалға, бағдарламалық фрезерлік-бұрғылау деп аталатын жүйе бойынша компьютермен берілген тапсырма станок арқылы жүзеге асады. Бұл ең бірінші уақытты үнемдейді және өнім аса дәлдікпен өңделеді.
Экономикалық-техникалық білім беру кешенінде сондай-ақ, Түмен мемлекеттік университетінің филиалы жұмыс істейді.

Владимир Сысоев, Түмен облыстық Думасы төрағасының орынбасары:

– Мұнда жақсы дайындық бар. Бәсекеге қабілетті кадрлар әзірленеді деп ойлаймын. Еңбек нарығын сұраныстағы кәсіптермен толтыру қажет.

Бұдан кейін түмендік қонақтар қала көркі әрі мақтанышы Абылай ханның Ақ үйінде болды. Ресейліктерге қазақтың ұлы ханы Абылайдың өмір жолы жайлы айтылды. Экскурсия соңында Түмен облысының губернаторы Владимир Якушев құрметті қонақтар ктібына “Достарымызға сәттілік тілейміз” деп, қолтаңбасын қалдырды.

Данаш Хамзина